Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 19 қазандағы № 99 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

«Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 19 қазандағы № 99 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ашық деректер тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 19 қазандағы № 99 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Басқарма қаулысы жобасының (бұдан әрі – Қаулының жобасы) әзірленгені туралы хабарлайды.
Жоба «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 1-тармағына сәйкес, «Ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын мемлекеттік органдардың ашық деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 қазандағы № 774 қаулысының қабылдануына байланысты әзірленді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=13127856 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты +7 (727) 237-12-88 телефоны арқылы алуға болады:
e-mail: press@finreg.kz
www.finreg.kz