«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейтингтік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рейтингтік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі – Консультативтік құжат) әзірленгенін хабарлайды.

Консультативтік құжат «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын іске асыру үшін әзірленді және кредиттік рейтингтік агенттіктерді реттеу бөлігінде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктерін кеңейтуге, сондай-ақ екінші деңгейдегі банктер мен сақтандыру ұйымдарына ұлттық рейтингтік агенттіктің капиталына қатысуға мүмкіндік беруге бағытталған.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15169323 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.