«Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу туралы

«Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі – Консультативтік құжат) әзірленгенін хабарлайды. 

Консультативтік құжат Қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 6-бағытының 2-міндеті 2-тармағының 6) тармақшасын орындау шеңберінде әзірленді, оған сәйкес жергілікті рейтингтік агенттіктерді құру үшін тиісті жағдайлар енгізу және оларды реттеу мен қадағалаудың оңтайлы режимін айқындау көзделген.

Консультативтік құжат «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы № 907 қаулысына сәйкес әзірленді және кредиттік рейтингтік агенттіктерді құру үшін заңнамалық негіз ретінде жаңа «Кредиттік рейтингтік агенттіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау қажеттігінің негіздемесін қамтиды.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15169323 және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.