«Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 911 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 911 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысының жобасын әзірлегені туралы хабарлайды.
Жобада:
акциялардың өтімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміне енгізілген бағалы қағаздар бойынша дивидендтерді салықтан босату үшін қолданыстағы өлшемшарттарды айналып өту мүмкіндігін болдырмау мақсатында биржада бағалы қағаздармен сауда-саттықты жүзеге асыру кезінде қосымша өлшемшартты енгізу көзделеді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15169044 интернет-порталында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады. Жоба жария талқылау сатысында.