Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларының бекітілуі туралы

Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларының бекітілуі туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңы операторының қызметін жүзеге асыру құқығына рұқсат беру шарттары мен қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 31 шілдедегі №47 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында қабылданды.

Қаулы жобасында Агенттіктің банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңдарының әлеуетті операторларына осындай қызметті жүзеге асыру құқығына рұқсат беруіне қойылатын талаптар белгіленеді.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсынан (https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/706806?lang=ru) танысуға болады.  

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz