Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына байланысты емес себептер бойынша іс-шаралар жоспарында не жазбаша ұйғарымда белгіленген мерзімдерде бұзушылықтарды жою мүмкіндігі болмаған жағдайда, банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қолданылған жазбаша ұйғарымды не анықталған бұзушылықтарды және (немесе) себептерді, сондай-ақ олардың жасалуына ықпал еткен жағдайларды жою бойынша іс-шаралар жоспарын орындау мерзімдерін ұзарту қағидаларын бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 31 шілдедегі №46 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін қабылданды.

Қаулы жобасында банктік және микроқаржы активтерін сататын электрондық сауда алаңының операторына қатысты жазбаша ұйғарымды орындау мерзімдерін ұзарту тәртібін бекіту көзделеді.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінен және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ресми интернет-ресурсынан (https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm/documents/details/706800?lang=ru) танысуға болады.

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz