Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша қаулы жобасы туралы

Бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша қаулы жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.

Жобада:  

қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқару мүмкіндігі көзделеді. Аталған шара клирингтік ұйымның өз функцияларын орындаудың және қазақстандық қор нарығында мәмілелердің орындалуына кепілдік беруді қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға бағытталған;

кейінгі зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша жүзеге асыру үшін 55 жасқа толған, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдардың зейнетақы активтерін жеке басқарушы компанияның басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару көзделеді;

«Бағалы қағаздар рыногында кәсіби қызмет түрлерін қоса атқару туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 120 қаулысын «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабы 4-тармағының екінші абзацына сәйкес келтіру.  

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15161560 интернет-порталында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.