Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 желтоқсандағы № 1206 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.

Жоба заң жобалау жұмысын оңтайландыру шеңберінде және бір реттеу нысанасы бойынша өзара байланысты заңнамалық түзетулерді біріктіруге байланысты Агенттікке бекітілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық көрсетілетін қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарынан алып тастау мақсатында әзірленген.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15160887.

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы: +7 (727) 2371089, press@finreg.kz.