Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Микрокредит беру туралы шартты жасасу тәртібін, оның ішінде шарттың мазмұнына, ресімделуіне және микрокредиттің толық құны (микрокредит бойынша артық төленетін сома, микрокредит мәні) туралы ақпаратты қамтитын оның бірінші бетіне, микрокредит беру туралы шарттың міндетті шарттарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ микрокредитті өтеу кестесінің нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 29 қарашадағы № 232 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.
Жобада жеке тұлғамен күнтізбелік қырық бес күнге дейінгі мерзімге жасалған микрокредит беру туралы шартқа айлық есептік көрсеткіштің қырық бес еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде талаптар белгілеу көзделеді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан танысуға болады:
https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15158853.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы: +7 (727) 2371089, press@finreg.kz.