Шетелдік кәсіптік ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Шетелдік кәсіптік ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) «Шетелдік кәсіптік ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының 2024 жылғы 19 шілдедегі №39 қаулысын (бұдан әрі – Қаулы) қабылдады.

Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының іске асыруға қабылданды және қаржы нарықтарында бірыңғай қағидаларды және (немесе) стандарттарды белгілейтін шетелдік кәсіптік ұйымдардың тізбесін айқындайды.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:

+7 (727) 2 371 261

e-mail: press@finreg.kz