Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі  (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасы кейбір нормативтік құқықтық актілерінің және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жекелеген құрылымдық элементтерінің күші жойылды деп тану туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгені туралы хабарлайды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін, сондай-ақ «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесінің шекті мөлшерлерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының және Ұлттық Банк Басқармасының бірлескен қаулысын әзірлеуге байланысты дайындалды.

Жобада кейбір нормативтік актілердің күшін жоюға қою көзделеді:

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталынан танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15145071

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы: +7 (727) 2371089, press@finreg.kz.