Таргеттелетін шығындылықтың және анықтық факторының мөлшерлерін бекіту туралы НҚА жобасы әзірленді

Таргеттелетін шығындылықтың және анықтық факторының мөлшерлерін бекіту туралы НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылықтың және анықтық факторының 2025 жылға арналған мөлшерлерін бекіту туралы» Агенттіктің Басқарма қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.

Жоба «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралы тіркелген аумақ бойынша коэффициенттерге түзету коэффициенттерін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2023 жылғы 7 маусымдағы № 46 Қаулысының талаптарына сәйкес әзірленді.

Жобамен 2025 жылға көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақысын есептеу үшін көлік құралдарын тіркеу аумағы бойынша коэффициенттерге түзету коэффициентін айқындау үшін пайдаланылатын таргеттелетін шығындылық және анықтық факторының мөлшерлері бекітіледі.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15143362 интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты