Сақтандыру қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша НҚА жобасы әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сақтандыру қызметін реттеу және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулы жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жобада сақтандыру қызметін реттеу және дамыту бойынша, атап айтқанда, зиянды еңбек жағдайларында жұмыспен қамтылған қызметкерлерге арнаулы әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру үшін зейнетақыға дейінгі аннуитеттік сақтандыру шартын жасасу процесін оңайлату және жеделдету, сақтандыру резервтерін қалыптастыруды жетілдіру, өмірді білім беру жинақтаушы сақтандыру шарты шеңберінде мемлекет сыйлықақыларын есептеудің үздіксіздігін қамтамасыз ету жөніндегі түзетулер блогы, сондай-ақ құқықтық мониторинг нәтижелері бойынша басқа да түзетулер қарастырылған.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15143360 интернет-порталынан және Агенттіктің ресми интернет-ресурсынан «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz