Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) «Тұтынушылық банктік қарыз және тұтынушылық микрокредит сомасына қойылатын талаптарды белгілеу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірлегенін хабарлайды.

Жоба тұтынушылық банктік қарыздың және тұтынушылық микрокредиттің ең жоғары сомасын белгілеу көзделеді:

- екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар беретін кепілсіз тұтынушылық банктік қарыздар бойынша – 2 200 (екі мың екі жүз) айлық есептік көрсеткіш, кепілмен қамтамасыз етілген тұтынушылық банктік қарыздар бойынша – шектеусіз;

- микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар беретін кепілсіз тұтынушылық микрокредиттер бойынша – 1 100 (бір мың бір жүз) айлық есептік көрсеткіш, кепілмен қамтамасыз етілген тұтынушылық микрокредиттер бойынша – шектеусіз.

Жобаның толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15139905 ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады.

 

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 2371089, press@finreg.kz