Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі  (бұдан әрі – Агенттік) «Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына және «Пруденциялық нормативтердi және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымның сақтауы мiндеттi өзге де нормалар мен лимиттердi, оларды есептеу әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 14 қарашадағы № 192 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасының қаулысы жобасының әзірленгені туралы хабарлайды.

Жобада екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін қарыз алушының барлық кредиттік міндеттемелері сомасының оның жылдық кірісіне қатынасы ретінде есептелетін жаңа пруденциялық норматив – қарыз алушының кірісіне борыш коэффициентін (DTI) енгізу, сондай- ақ «Тұтынушылық банктік қарыз» және «Ипотекалық тұрғын үй қарызы» ұғымдарын нақтылау көзделеді.

Жобаның толық мәтінімен: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15139990 ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады.

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы +7 (727) 2371089, press@finreg.kz