Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдарының қызметін реттеуді жетілдіру бойынша НҚА әзірленді

Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдарының қызметін реттеуді жетілдіру бойынша НҚА әзірленді

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік)  «Қайта сақтандыру жөніндегі қызметті,  сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының  қызметін жүзеге асыру қағидалары мен ерекшеліктерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 тамыздағы                   № 203  қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.

Жоба бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын қоса алғанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулдарының қызметін реттеуді жетілдіру мақсатында әзірленді.

Жобада сақтандыру (қайта сақтандыру) пулын құру, оған қатысушыларды қосу және алып тастау тәртібі нақтыланады, жетекші сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының функциялары мен өкілеттіктері айқындалды, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін ұйымдастыру және жүзеге асыру үшін электрондық ақпараттық жүйелерді (платформаларды) пайдалану мүмкіндігі көзделген.

Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15123459 және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты