Қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымның қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейту туралы

Қашықтан қызмет көрсету бағдарламалық қамтылымның  қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейту туралы

2024 жылғы 24 маусымда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының №28 қаулысымен «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Толықтырулармен банктік қарыздың жаңа түрін, атап айтқанда, Интернет желісі арқылы қарыз алуды енгізу көзделген. Сондай-ақ, аталған қаржылық қызметті қауіпсіз көрсету мақсатында клиенттің камераға қайталамайтын тізбекпен бақылау қозғалыстарын орындауын тексеру арқылы статикалық бейнені немесе бейнежазбаны пайдаланудан қорғаумен биометриялық идентификаттауды пайдалану көзделеді.

Интернет-алаяқтық фактісі жасалған жағдайда Интернет желісі арқылы банктік қарыз шартын жасасудың электрондық материалдарын сақтауды кемінде бес жыл қамтамасыз ету көзделеді. Материалдарға мыналар жатады: тергеуге көмек болатын электрондық хабарламалар, фотосуреттер және бейне материалдар.

Бұдан басқа, Қаулыда банкте клиенттің дербес деректерін заңсыз тарату туралы ақпарат болған жағдайда қосымша қауіпсіздік шаралары көзделген, атап айтқанда:

клиенттің ұялы байланыс нөмірінің тиесілігін тексеру;

қайта биометриялық идентификаттау;

клиентке кредит беруден ерікті түрде бас тартуды белгілеу туралы ұсыныс.

Басқарма қаулысының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және Әділет ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады.