Алматыда өткен конференцияда қаржы нарығына ЖИ-ді енгізу талқыланды

Алматыда өткен конференцияда қаржы нарығына ЖИ-ді енгізу талқыланды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Алматыда AlmaU университетінде банктердің тәуекелдерін басқаруға және қаржылық тұрақтылығына арналған жыл сайынғы конференция өткізді. Оған банк қоғамдастығының, аудиторлық және консалтингтік компаниялардың, Ұлттық төлем корпорациясының өкілдері және Германия мен Бельгияның тәуекелдерді басқару жөніндегі тәуелсіз сарапшылары қатысты.

Негізгі мақсат – реттеуші мен банктердің өзара іс-қимылын күшейту, тәуекелдерді басқару саласындағы ашықтық пен құзыреттіліктің жалпы деңгейін арттыру. Іс-шара барысында қатысушылар белсенді пікір алмасып, банк қауымдастығын қызықтыратын өзекті сұрақтарға жауаптар алды.

Өз сөзінде Агенттіктің Банктерді талдау және стресс-тестілеу департаментінің директоры Иван Мойсов банктерді қадағалау мен реттеудегі өзекті өзгерістер туралы айтып берді. Агенттік өкілі FSAP-тың (Financial Sector Assessment Program) негізгі нәтижелерін атап өтті.

Конференция барысында алғаш рет жарияланған банктердің қадағалап стресс-тестілеу есебі ұсынылып, әдістер мен негізгі нәтижелеріне шолу жасалды, сондай-ақ SREP қадағалап бағалау процесіндегі негізгі жаңалықтар және капиталға қадағалау үстемесін енгізу жоспарлары айтылды. Банк кітабының пайыздық тәуекелін басқару (IRRBB) әдістері мен тәжірибелеріне ерекше назар аударылды. Қатысушылар IRRBB-ны іске асырудың нақты мысалдарын және пайыздық мөлшерлемелер өзгерісінің банктердің қаржылық нәтижелеріне әсерін талқылады.

Екінші деңгейдегі банктердің өкілдері капиталдың жеткіліктілігін бағалаудың ішкі процесін (ICAAP) енгізудің алдыңғы қатарлы  тәжірибесімен бөлісті, негізгі мақсаттарын, талаптарын және банктердің қаржылық тұрақтылығын сақтаудағы маңыздылығын сипаттап берді.

Еуропалық одақтың тәуекелдерді басқару жөніндегі тәуелсіз сарапшылары климаттық тәуекелдерді басқарудың негізгі аспектілері, оның ішінде климаттық скоринг және климаттық тәуекелдерді стресс-тестілеу туралы айтып берді. Қатысушылар модельдік тәуекелді еңсеру тәсілдерін және басқарудың ең үздік тәжірибелерін, модельдерді валидациялау және тексеру әдістерін қоса алғанда,  осындай тестілеуді іске асырудың мысалдары мен нәтижелерін қарастырды.

Кәсіби қоғамдастық өкілдері SupTech (қадағалау технологиялары) және RegTech (реттеу технологиялары) саласындағы жетістіктер мен даму перспективаларын қарастырды және Агенттік пен ЕДБ жұмысында осы технологияларды әлеуетті пайдаланудың тиімділігін зерделеді.

Конференция соңында қатысушылар жасанды интеллект (ЖИ) енгізудің аса маңызды үрдістерін және қаржы операцияларының тиімділігі мен дәлдігін арттыру үшін ЖИ қолдану мысалдарын келтіре отырып, Қазақстанның қаржы нарығында осы технологияны дамыту бағыттарын талқылады.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 237-10-89, e-mail: press@finreg.kz

Қызмет бағыты