Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 және 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы  13 қыркүйектегі № 170 және 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы «Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына және «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2024 жылғы 12 маусымдағы № 27 қаулысын қабылдады, ол мыналарды көздейді:

- отандық автомобиль өнеркәсібін дамытуды қолдау және ынталандыру мақсатында екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары сатып алынатын жаңа автокөлік құралдарының кепілімен қамтамасыз етілген осындай автокөлік құралдарын сатып алу үшін қарыздар берген кезде қарыз алушылардың борыш жүктемесі коэффициентін (бұдан әрі – БЖК) есептеу жөніндегі талаптарды 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін уақытша тоқтата тұру;

- БЖК есептеу мақсаттары үшін автокөлік құралы түріндегі кепілге өтімділік коэффициентін 0,7 деңгейінде белгілеу;

- азаматтарға қарыздарды қайта құрылымдауға мүмкіндік беру үшін мерзімді төлемдер мерзімін ұлғайта отырып, қарыздарды қайта құрылымдау кезінде қарыз алушылардың БЖК есептеу жөніндегі талап алып тасталады.

Қаулының толық мәтінімен «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2400034486.

 

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы:

+7 (727) 2371089, press@finreg.kz.