Стресс активтер нарығын дамыту туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу туралы

Стресс активтер нарығын дамыту туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу туралы

Баспасөз релизі

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу туралы

 Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне стрестік активтер нарығын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын (бұдан әрі – Заң жобасы) әзірлегені туралы хабарлайды.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының  2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарына сәйкес, сондай-ақ Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын және Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында әзірленді.

Заң жобасы нарықтық қағидаттармен стрестік активтердің өтімді нарығын одан әрі дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған, бұл стрестік активтерге сұраныс пен ұсыныс арасындағы баға алшақтығына тікелей әкелетін құқықтық кедергілерді алып тастауды көздейді. Стрестік активтерді қалпына келтіруге және оларды экономикалық айналымға тартуға мүдделі инвесторлардың ауқымды тобын тарту арқылы стрестік активтерді сатушылар мен сатып алушылар арасындағы белсенді бәсекелес ортаны қамтамасыз ету басым бағыт болып табылады.  Сонымен бірге, қарыз алушыларды қорғаудың қосымша тетігін қамтамасыз ету үшін стрестік активтерді Агенттікті реттеу аясына кіретін ұйымдар басқаратын болады.

Ұсынылатын заңнамалық өзгерістер стрестік активтерді экономикалық айналымға тартуға және банктер мен микроқаржы ұйымдарының экономикаға кредит беруін жандандыруға ықпал етеді.

Заң жобасының толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердіңинтернет-порталында https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=12103211 және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

+7 (727) 2788 121  press@finreg.kz