Орталық (ұлттық) банктердің Еуразиялық кеңесінің 50-ші мерейтойлық отырысы туралы

2024 жылғы 18 маусымда Сочи қаласында (Ресей Федерациясы) ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің қатысуымен Орталық (ұлттық) банктердің Еуразиялық кеңесінің (БЕК) 50-ші мерейтойлық отырысы өтті.
Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан Республикаларының және Ресей Федерациясының орталық (ұлттық) банктері БЕК қатысушылары болып табылады.
Жоғарыда аталған отырыс шеңберінде Тараптар банк секторын дамыту және ақша-кредит саясаты саласында ақпарат алмасты. Сонымен қатар, ұлттық реттеушілер ESG (environmental, social, governance) бағыты бойынша орталық банктердің қызметі және виртуалды активтерді реттеу тәжірибесі туралы баяндамалар ұсынды.
БЕК консультативтік-кеңесші орган болып табылады және қаржы-банк саласындағы интеграцияны тереңдетуге және ұлттық валюта-қаржы жүйелерін дамыту жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіруге бағытталған.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz