ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің ұлттық банктерінің валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңесінің 26-шы отырысы туралы

2024 жылғы 17 маусымда ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің делегациясы Ресей Федерациясында өткен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңесінің 26-шы отырысына қатысты.
Іс-шараға сондай-ақ Армения Республикасы Орталық Банкінің, Беларусь Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қырғыз Республикасы Ұлттық Банкінің және Ресей Федерациясы Орталық Банкінің өкілдері қатысты.
Отырысқа қатысушылар ағымдағы экономикалық жағдай және ақша-кредит саясатын іске асыру барысы туралы ақпарат алмасты, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі реттеушілер мен орталық (ұлттық) банктердің өзара іс-қимыл бағыттарын талқылады.
Валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңес – бұл Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктері мен қаржы реттеушілерінің консультативтік-кеңесші органы.
Сыртқы коммуникациялар басқармасы
+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz