Клирингтік ұйымның қызметін және зейнетақы жинақтарын жеке басқарудан Ұлттық Банктің басқаруына беру тетігін жетілдіру мәселелері бойынша қаулы әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығы және зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасын (бұдан әрі – Жоба) әзірлегені туралы хабарлайды.
Жобада:
қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметпен қоса атқару мүмкіндігі көзделеді. Аталған шара клирингтік ұйымның өз функцияларын орындаудың және қазақстандық қор нарығында мәмілелердің орындалуына кепілдік беруді қамтамасыз етудің тиімділігін арттыруға бағытталған;
кейінгі зейнетақы төлемдерін белгіленген кесте бойынша жүзеге асыру үшін 55 жасқа толған, зиянды еңбек жағдайларында жұмыс істеген адамдардың зейнетақы активтерін жеке басқарушы компанияның басқаруынан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруына қайтару көзделеді.
Жобаның толық мәтінімен ашық нормативтік құқықтық актілердің https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15090319 интернет-порталында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.