Қаржы нарығында биометриялық идентификаттау өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қаржы нарығында биометриялық идентификаттау өткізу қағидаларын бекіту туралы

2024 жылғы 12 маусымда «Ашық НҚА» порталында «Қаржы нарығында биометриялық идентификаттау өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы) орналастырылды.

Қаулы жобасында биометриялық деректерді пайдалану және қорғау қағидаттары, адамның бет бейнесі бойынша биометриялық идентификаттау тәртібі, идентификаттау деректерін алу және бейненің тірі адамның бейнесі екендігін тексеру рәсімдері, идентификаттау деректерін беру кезінде байланыс арнасын шифрлауды қамтамасыз ету жөніндегі талаптар, сондай-ақ биометриялық идентификаттаудың бүкіл процесін құжаттау тәртібі белгіленеді.

Аталған тетіктер қызмет көрсету үшін биометриялық идентификаттауды пайдаланатын қаржы нарығының субъектілеріне  қолданылатын болады.

Қаулы жобасы қазіргі уақытта көпшіліктің талқылауында. Қаулы жобасының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және Ашық НҚА порталындағы сілтеме бойынша танысуға болады (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15085857).