Ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін өзге де мәліметтерді айқындау туралы

Ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін өзге де мәліметтерді айқындау туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Ақпарат берушілер кредиттік бюроларға беретін өзге де мәліметтерді айқындау туралы» Агенттік Басқармасының қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы ) әзірледі.

Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының «Кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына іске асыру үшін әзірленді.

Қаулы жобасында ақпарат берушілер кредиттік бюроларға ұсынатын өзге де мәліметтердің тізбесі айқындалады.

Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15085530 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:

+7 (727) 2 371 261

e-mail: press@finreg.kz