Шетелдік кәсіптік ұйымдардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Шетелдік кәсіптік ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Агенттік Басқармасының қаулысының жобасын (бұдан әрі – Қаулы жобасы ) әзірледі.
Қаулы жобасы Қазақстан Республикасының «Кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына іске асыру үшін әзірленді.
Қаулы жобасы синдикатталған қарыз шартын жасасу үшін үлгілік талаптарды әзірлейтін қаржы нарықтарында бірыңғай қағидаларды және (немесе) стандарттарды белгілейтін шетелдік кәсіптік ұйымдардың тізбесі айқындалады.
Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15084147 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:
+7 (727) 2 371 120
e-mail: press@finreg.kz
www.finreg.kz