Қазақстан банк секторының 2024 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

Қазақстан банк секторының 2024 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында21екінші деңгейдегі банк бар, оның 11-і шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8-і еншілес банк.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторыныңактивтерінегізінен өтімді активтердің 3,6%-ға немесе 751 млрд теңгеге азаюы есебінен ағымдағы жылғы сәуірде1,0%-ғанемесе514 млрдтеңгеге азайып (2024 жылдың басынан бері 1,9%-ға немесе 969 млрд теңгеге өсу),52,4 трлнтеңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердіңөтімділігі жоғары активтері15,4 трлнтеңгені немесе активтердің29,4%-ынқұрады, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

2024 жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктерэкономикағабергенкредиттер 1,4%-ға 29,1 трлнтеңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 4,2%-ға өсу), оның ішінде ұлттық валютада 1,1%-ға 26,8 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 5,0%-ға 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 92,1%-ды құрады.

Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер2024 жылғы сәуірде1,8%-ға 11,4 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 0,9%-ға өсу). Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілетін кредиттер1,4%-ға 9,6 трлнтеңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бері 1,0%-ға төмендеу). Оның ішіндеШОБ субъектілерінеқарыздар1,0%-ға 5,6 трлнтеңгеге дейін,ірі бизнескеқарыздар1,8%-ға 4,0 трлнтеңгеге дейін ұлғайды. Дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер бір айда4,3%-ға 1,8 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 12,7%-ға өсу).

2024 жылғы сәуірде бизнес субъектілеріне1,5 трлнтеңге сомасынажаңа қарыздар берілді,бұл 2023 жылғы сәуірмен салыстырғанда13,1%-ғаартық (2024 жылдың басынан бері5,4 трлнтеңге берілді, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда25,2%-ғаартық).

Халыққа берілген кредиттер2024 жылғы сәуірде1,2%-ғаұлғайып,17,8 трлнтеңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 6,4%-ға өсу). Халыққа берілген кредиттердің өсуітұтынушылық қарыздардың1,4%-ға 11,1 трлнтеңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақипотекалық кредиттеудің 0,6%-ға 5,5 трлнтеңгеге дейін өсуіне байланысты.

2024 жылғы сәуірде бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі19,5%-ды(2024 жылғы наурызда – 19,3%), халыққа қатысты –19,8%-ды(2024 жылғы наурызда – 19,1%) құрады.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар деңгейі (NPL 90+) несие портфелінің3,1%-ыннемесе959 млрдтеңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,9% немесе 864 млрд теңге).

Бизнес берілген кредиттер бойынша NPL90+ қарыздарының деңгейі2,3%-дынемесе286 млрдтеңгені, халыққа берілген кредиттер бойынша -3,8%-дынемесе672 млрдтеңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып,72,7%-дықұрайды (01.01.2024ж. – 75,9%).

Банк секторыныңміндеттемелері2024 жылғы сәуірде заңды тұлғалар салымдарының азаюы нәтижесінде0,8%-ға 45,0 трлнтеңгеге дейін азайды (2024 жылдың басынан бері 1,0%-ға немесе 450 млрд теңгеге өсу).

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағыдепозиттері2024 жылғы сәуірде негізінен шетел валютасындағы депозиттердің2,9%-ға7,7 трлнтеңгеге дейін азаюы нәтижесінде, оның ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы аясында қайта бағалау нәтижесінде0,5%-ға 34,3 трлнтеңгеге дейін азайды. Ұлттық валютадағы депозиттер 2024 жылғы сәуірде0,1%-ға 26,6 трлнтеңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойыншадолларландыру деңгейі22,4%-дықұрады (2024 жылдың басында – 23,2%).

Заңды тұлғалардың депозиттері2024 жылғы сәуірде2,2%-ға 15,4 трлнтеңгеге дейін азайды, ол азаю негізінен банктердің бірінің 2015 жылы «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-тың депозиті түрінде алынған,  182 млрд теңге сомасындағы мемлекеттік қолдау қаражатын мерзімінен бұрын қайтаруы нәтижесінде орын алды.Жеке тұлғалардың депозиттері 0,9%-ға 18,9 трлнтеңгеге дейін өсті.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы сәуірде 13,7%-ды (2024 жылғы наурызда – 13,6%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,7%-ды құрады (2024 жылғы наурызда – 13,8%).

Банктердіңменшікті капиталынегізінен банктердің бірінің дивидендтер төлеу туралы қабылдаған шешімінің және өткен жылдардың бөлінбеген таза пайдасының тиісінше төмендеуі нәтижесінде ағымдағы  жылғы сәуірде1,8%-ға 7,4 трлн теңгегедейін азайды (2024 жылдың басынан бері 7,6%-ға немесе 519 млрд теңгеге өсу). 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,0%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 21,0%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір артық және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

2024 жылғы қаңтар – сәуірде банктердің таза пайдасы777 млрдтеңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға көп. Банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы
1 мамырдағы жағдай бойынша 4,6%-ды (2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша – 4,3%), капитал рентабельділігі (ROE) 34,4%-ды (2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша – 34,9%) құрады.

 

Сыртқыкоммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты