Қазақстан сақтандыру секторының 2024 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2024 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында25сақтандыру ұйымы бар, оның9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.

2024 жылғы сәуірдің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңактивтерінегізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде0,2%-ға2,7 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 6,3%-ға өсу).

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға –68,0%(1,8 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға –5,3%(141 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке –5,1% (136 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңміндеттемелері сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 2024 жылғы сәуірде1,4%-ға1,7 трлнтеңгеге дейін ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңменшікті капиталынегізінен сақтандыру төлемдері және аннуитет шарттары бойынша реттелмеген зяиндардың резерві  есебінен 2024 жылғы сәуірде1,9%-ға немесе18,4 млрдтеңгеге934 млрдтеңгеге дейін азайды (2024 жылдың басынан бері 3,3%-ға өсу).

2024 жылғы сәуірде сақтандыру нарығы бойыншатаза пайдасақтандыру және инвестициялық қызметтен алынған кірістер есебінен6,7 млрдтеңге болды (2024 жылдың басынан бері – 53,3 млрд теңге).

2024 жылғы сәуірде жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалғансақтандыру шарттарыныңсаны1 954мың шартты құрады, бұл 2024 жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда27,6 %-ға артық.

2024 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалғансақтандыру шарттарыныңсаны6 403мың шартты құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда38,7%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (1 204 мың шарт) және өмірді сақтандыру (499 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

2024 жылғы сәуірде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданғансақтандыру сыйлықақылары 114,9 млрдтеңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары435,7 млрдтеңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда35,1%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныбы болып табылады.

Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан 79,7 млрдтеңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 34,6%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын,  сақтандырудың аталған сыныбын ерікті жеке аннуитеттік сақтандырумен біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (91,8%-ға немесе 21,3 млрд теңгеге өсу) бойынша орын алды.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2024 жылғы 4 ай ішінде183,9 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 98,0%-ға көп. Өсу, негізінен, өмірді сақтандыру (29,5%-ға немесе 13,7 млрд теңгеге өсу) және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру (2,2 есеге немесе 43,5 млрд теңгеге өсу) бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына  байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бастап172,1  млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 1,0%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті  сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 6,8%-ға  немесе 6,1 млрд теңгеге  ұлғаюымен байланысты.

2024 жылғы сәуірдесақтандыру төлемдері 31,0 млрдтеңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері95,8 млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда  23,4%-ға көп. Өсу, негізінен, қызметкердің еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру және көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюына байланысты.

2024 жылғы сәуірде барлығы 111,6 мың төлем,  2024 жылдың басынан  –  437,7 мың төлем жүзеге асырылды

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz

Қызмет бағыты