Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2024 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2024 жылғы 1 мамырдағы жай-күйі туралы

Акциялар нарығын капиталдандыру2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша негізінен «Эйр Астана» АҚ (-10,0%), «Kaspi.kz» АҚ (-7,8%) және «Кселл» АҚ (-4,4%) акциялары бағасының төмендеуі есебінен 2024 жылғы сәуірде1,1%-ғанемесе346,2млн теңгеге (2024 жылдың басынан бастап 14,0%-ға өсу) азайып,30,5 трлнтеңгені құрады.

2024 жылғы сәуір айында акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «ForteBank» АҚ, «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ  акцияларымен сауда-саттық көлемінің ұлғаюы есебінен бір айда61,5%-ғанемесе8,2 млрдтеңгеге ұлғайып, ағымдағы жылғы сәуірде21,5 млрдтеңгені құрады.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің100түрлі акциялары болды.

2024 жылғы сәуірде KASE индексі1,3%-ға 5 011,6тармаққа дейін азайды (2024 жылдың басынан бастап 19,7%-ға өсті).

«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша46түрлі акция, 54 шетелдік эмитенттің11ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір айда15,6%-ғанемесе
0,4 млрдтеңгеге азайып, 2024 жылғы сәуірде2,2 млрдтеңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі2024 жылғы сәуірде13,6 трлнтеңгеге дейін0,8%-ғанемесе106,5 млрдтеңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 0,5%-ға өсу).

2024 жылғы сәуірде KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 2,7%-ға немесе 3,1 млрд теңгеге 111,8 млрд теңгеге дейін азайды. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 115 эмитенттің корпоративтік облигацияларының420шығарылымы болды.

2024 жылғы сәуірде корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі49,1 млрдтеңгені құрады, бұл 2024 жылғы наурыздағы көрсеткіштен 48,1%-ға немесе 45,4 млрд теңгеге аз.

KASE-де саудаланатынмемлекеттік борыш2024 жылғы сәуірде  3,0%-ғанемесе 720,3 млрд теңгеге24,9 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 4,3%-ға өсті).

KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы сәуір айының қорытындысы бойынша789,5 млрдтеңгені құрап, бір айда 53,2%-ға немесе274,3 млрдтеңгеге ұлғайды. 

МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 46,0%-ға немесе 194,1 млрдтеңгеге616,2 млрдтеңгеге дейін ұлғайды. Бұл ретте, орналастырудың барлық көлемі жылдық 10,74 - 12,25% орташа алынған кірістілікпен Қаржы министрлігіне тиесілі.

Ұжымдық инвестициялау нарығында2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша51инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 25 аралық, 25 жабық және 1 ашық пай қоры.

Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтер 2024 жылғы сәуірде  2,4%-ға немесе6,9 млрдтеңгеге азайып, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша273,8 млрдтеңгені құрады. 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі241,6 млрдтеңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің88,2%-ын құрады.

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығыныңинституционалдық құрылымына40брокер мен дилер (16 банк және 24 банктік емес ұйым),11кастодиан-банк,21инвестициялық портфельді басқарушы,3трансфер-агент, сондай-ақ3инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен  сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

2024 жылғы сәуірде Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны0,3%-ғанемесе 9 мың шотқа ұлғайып,2 802 мыңшотты құрады, оның ішінде:

- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны708,9 мың қосалқы шотқадейін 1,5 мыңға немесе 0,2%-ға ұлғайды (2024 жылдың басынан 12,4 мыңға немесе 1,8%-ға өсті);

- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттар саны2 093 мың шотқадейін 7,9 мыңға немесе 0,4%-ға өсті (2024 жылдың басынан 344,1 мыңға немесе 19,7%-ға өсті).

Бағалы қағаздар нарығынакәсіби қатысушылардың активтерінегізінен 2024 жылдың сәуір айында есептелген комиссиялық сыйақыларды және кері репоны азайту (2024 жылдың басынан бастап 3,2%-ға төмендеген) есебінен1,0%-ғанемесе 6,9 млрд теңгеге азайып, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша680,3 млрдтеңгені құрады.Міндеттемелер 214,4 млрдтеңгеге дейін0,1%-ға немесе 0,2 млрд теңгеге шамалы азайды (2024 жылдың басынан 10,8%-ға азайды).Меншікті капиталнегізінен бөлінбеген пайданың және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздарды қайта бағалауға арналған резервтің азаюы нәтижесінде465,9 млрдтеңгеге дейін1,4%-ға немесе 6,7 млрд теңгеге азайды (2024 жылдың басынан 0,7%-ға өсті).

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz