Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының 2024 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

Қазақстанның микроқаржы ұйымдарының 2024 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды (бұдан әрі – МҚҚЖҰ)228микроқаржы ұйымы,215кредиттік серіктестік және518ломбард құрайды.

МҚҚЖҰ-ныңактивтеріағымдағы жылғы 1-тоқсанда 1,7%-ғанемесе45 млрдтеңге ұлғайып, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша2,6 трлнтеңге болды. Активтердің ұлғаюына микроқаржы ұйымдарының несие портфелінің өсуі себеп болды.

МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп үлесі микроқаржы ұйымдарына -1 449 млрдтеңге немесе 54,9%, кредиттік серіктестіктерге -867 млрдтеңге немесе 32,8%, ломбардтарға -323 млрдтеңге немесе 12,3% тиесілі.

МҚҚЖҰ-ныңнесие портфеліағымдағы жылғы 1-тоқсанда негізінен бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттер есебінен2,6%-ға2,4 трлнтеңгеге дейін ұлғайды.

Бизнес субъектілеріне берілген микрокредиттер2024 жылғы 1-тоқсанда 3,1%-ға1,4 трлнтеңгеге дейін, оның ішінде заңды тұлғаларға берілгені -1,2%-ға766 млрдтеңгеге дейін, жеке тұлғаларға, оның ішінде кәсіпкерлік мақсаттарға дара кәсіпкерлерге берілгені –5,9%-ға 625 млрдтеңгеге дейін ұлғайды.

Халыққатұтынушылық мақсаттарға[1]берілгенмикрокредиттер2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ломбардтар берген микрокредиттер есебінен ағымдағы жылғы 1-тоқсанда2,2%-ғаұлғайып,1,1 трлнтеңгені құрады. Бұл ретте халыққа берілген микрокредиттердің құрылымында ең көп үлес микроқаржы ұйымдарының кредиттері 76%-ды құрайды.

МҚҚЖҰ портфеліндегі 90 күннен астам мерзімі өткен (NPL90+) қарыздардың деңгейі 2024 жылғы 1 сәуірде4,2%-дықұрады (01.01.2024ж. – 3,9%). Халыққа берілген микрокредиттер бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен микрокредиттердің үлесі 7,0%-ды (01.01.2024ж. – 6,4%), бизнеске берілген микрокредиттер бойынша - 1,6% (01.01.2024ж. – 1,5%) құрады.

2024 жылғы 1-тоқсанда МҚҚЖҰ-ныңміндеттемелерітартылған қарыздар есебінен1,0%-ға 1,8 трлнтеңгеге дейін өсті. Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі болады, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің76,1%-ыннемесе1,3 трлнтеңгені құрайды.

МҚҚЖҰ-ныңменшікті капиталынегізінен микроқаржы ұйымдарының жарғылық капиталының ұлғаюы және ағымдағы кезеңнің бөлінбеген пайдасы есебінен тоқсан ішінде3,3%,-ғаұлғайып, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша879 млрдтеңгені құрады.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz

 

[1]01.04.2024ж. жеке тұлғаларға берілген микрокредиттер құрамынан жеке кәсіпкер мәртебесі жоқ жеке тұлғаларға берілген кәсіпкерлік мақсаттарға жеке бизнес субъектілері санатына микрокредиттер бөлінді

Қызмет бағыты