Банк және микроқаржы активтерін сату бойынша электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты

Банк және микроқаржы активтерін сату бойынша электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты

2024 жылғы 24 мамырда «Банк және микроқаржы активтерін сату жөніндегі электрондық сауда алаңының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулысының жобасы (бұдан әрі – қаулы жобасы) ашық қолжетімді орналастырылды.

Жоба «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, Қаржы нарығын реттеу және Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді.

Қаулы жобасының мақсаты Банк және микроқаржы активтерін сату бойынша электрондық сауда алаңының ақпараттық активтеріне қол жеткізуді ұйымдастыруға және оның ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту болып табылады.

Банк және микроқаржы активтерін сату жөніндегі электрондық сауда алаңының операторлары мен қатысушыларына, сондай-ақ банктер мен микроқаржы ұйымдарына қашықтықтан қызмет көрсету қауіпсіздігі бойынша талаптар, оның ішінде бастапқы тіркеу кезінде Клиентті биометриялық сәйкестендіруді жүзеге асыру талабы белгіленген.

Қаулы жобасының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және "ашық НҚА" порталында сілтеме бойынша танысуға болады:

https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15066537

 

Управление внешних коммуникаций

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz