Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шiлдедегi № 164 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2018 жылғы 30 шiлдедегi № 164 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
2024 жылғы 14 мамырда «Ашық НҚА» порталында «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында сақталатын деректерге санкцияланбаған қол жеткізуден ақпараттың сақталуын және қорғалуын қамтамасыз ететін қауіпсіз жұмысты ұйымдастыруға, сондай-ақ сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының киберқауіпсіздігіне қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 164 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы қаулысының жобасы орналастырылды.
Қаулы жобасының мақсаты сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының қызметтерін қашықтан көрсетуді бағдарламалық қамтамасыз етудің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды күшейту болып табылады.
Қаулы жобасының толық мәтінімен Агенттіктің интернет-порталында және Ашық НҚА порталында сілтеме бойынша танысуға болады (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15045686).