О проекте постановления Правления Агентства

Агенттік Басқармасы қаулысының жобасы туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі  (бұдан әрі – Агенттік) «Банктің пруденциялық нормативтерінің және сақталуы міндетті өзге де нормалары мен лимиттерінің нормативтік мәндері мен оларды есептеу әдістемелерін, капиталының мөлшерін және Ашық валюталық позицияны есептеу қағидалары мен оның лимиттерін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының
2017 жылғы 13 қыркүйектегі № 170 қаулысына және «Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушысының борыштық жүктемесінің коэффициентін есептеу қағидаларын және шекті мәнін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 215 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Агенттік Басқармасы қаулысының жобасын әзірлегенін хабарлайды. 

Жоба қарыздарды қайта құрылымдау кезінде қарыз алушылардың борыш жүктемесінің коэффициентін (бұдан әрі – БЖК) есептеу жөніндегі талапты алып тастауды және екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдары жаңа автокөлік құралдарын сатып алу үшін осы автокөлік құралдарының кепілімен қамтамасыз етілген қарыздарды беру кезінде БЖК есептеу жөніндегі талапты уақытша тоқтата тұруды (2024 жылғы 31 желтоқсанға дейін) көздейді.

Жобаның толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15031604 ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында танысуға болады.

Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 2371089, press@finreg.kz