Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» қаулы жобасын әзірледі.

Қаулы жобасы жергілікті атқарушы органдардың тізімдеріне сәйкес су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған қарыз алушылардың кредиттері бойынша төлемдерді кейінге қалдыруды қарызды мәжбүрлі қайта құрылымдау ретінде қарастырмау мүмкіндігін көздейді, сондай-ақ пруденциалдық реттеу шаралары арқылы экономиканы кредиттеуді ынталандыру үшін.

Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15035272 ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында және Агенттіктің ресми интернет-ресурсында «Нормативтік құқықтық база» бөлімінде танысуға болады.

 

Толығырақ ақпаратты телефондар арқылы алуға болады:

+7 (727) 2 371 393

e-mail: press@finreg.kz