Қазақстан банк секторының 2024 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

Қазақстан банк секторының 2024 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында21екінші деңгейдегі банк бар, оның 11-і шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8-і еншілес банк.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторыныңактивтерінегізінен өтімді активтердің 2,4%-ға немесе 488,0 млрд теңгеге өсуі есебінен ағымдағы жылғы наурызда1,8%-ғанемесе961 млрдтеңгеге ұлғая отырып (2024 жылдың басынан бері 2,9%-ға немесе 1,5 трлн теңгеге өсу),52,9 трлнтеңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердіңөтімділігі жоғары активтері15,8 трлнтеңгені немесе активтердің29,8%-ынқұрады, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банктердіңменшікті капиталыағымдағы жылғы наурызда2,5%-ға 7,5 трлн теңгегедейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 9,5%-ға немесе 651,3 млрд теңгеге өсу). 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,4%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 21,4%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір артық және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

Банк секторыныңміндеттемелері2024 жылғы наурызда заңды тұлғалар салымдарының 3,0%-ға 15,5 трлн теңгеге дейін өсуі (міндеттемелердің құрылымындағы үлес 34,1%) нәтижесінде1,7%-ға 45,4 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 1,9%-ға немесе 832,3 млрд теңгеге өсу).

2024 жылғы наурызда екінші деңгейдегі банктерэкономикағабергенкредиттер0,9%-ға 28,7 трлнтеңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 2,7%-ға өсу), оның ішінде ұлттық валютада 0,8%-ға 26,5 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 2,1%-ға 2,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде кредиттердің теңгемен үлес салмағы 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 92,3%-ды құрады.

Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер2024 жылғы наурызда0,3%-ға 11,1 трлнтеңгеге дейін азайды (2024 жылдың басынан бері 0,9%-ға төмендеу). Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілетін кредиттер0,9%-ға 9,5 трлнтеңгеге дейін азайды (2024 жылдың басынан бері 2,3%-ға төмендеу). Оның ішіндеШОБ субъектілерінеқарыздар1,2%-ға 5,5 трлнтеңгеге дейін,ірі бизнескеқарыздар0,5%-ға 4,0 трлнтеңгеге дейін азайды. Сонымен қатар, дара кәсіпкерлерге берілген  кредиттер 2024 жылғы наурызда 3,0%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 8,0%-ға өсу).

Ағымдағы жылдың наурыз айында бизнесті несиелендірудің төмендеуі ірі қарыз алушылардың қолданыстағы қарыздарын өтеуге, баланстан тыс шоттарға проблемалық несиелерді есептен шығаруға байланысты болды. Теңге бағамының АҚШ долларына қатысты 0,8%-ға нығаюына байланысты валюталық кредиттерді теріс қайта бағалау да елеусіз әсер етті.

2024 жылғы наурызда бизнес субъектілеріне1,3 трлнтеңге сомасынажаңа қарыздар берілді,бұл 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда12,3%-ғаартық (2024 жылдың басынан бері3,9 трлнтеңге берілді, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда30,6%-ғаартық).

Өткен жылдың ұқсас кезеңдерімен салыстырғанда жаңа қарыздар беру көлемінің өсуіне қарамастан, бизнеске кредиттер көлемі ұлғаймайтынын атап өту маңызды, өйткені 2023 жылы жаңа қарыздар беруде жоғары ставкалар жағдайында кәсіпкерлерге негізінен қысқа мерзімді қарыздар басым болды (1 жылға дейін) – 8,9 трлн теңге немесе берілген қарыздардың жалпы көлемінің 57,3%, оларды өтеу ағымдағы жылға тиесілі. Осылайша, жаңа қарыздар берудің әсері бұрын берілген қысқа мерзімді қарыздарды өтеумен теңестіріледі.

Халыққа берілген кредиттер2024 жылғы наурызда1,7%-ғаұлғайып,17,5 трлнтеңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 5,1%-ға өсу). Халыққа берілген кредиттердің өсуіипотекалық кредиттеудің 0,7%-ға 5,4 трлнтеңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақтұтынушылық қарыздардың2,1%-ға 10,9 трлнтеңгеге дейін өсуіне байланысты.

2024 жылғы наурызда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі19,3%-ды(2024 жылғы ақпанда – 19,5%), халыққа қатысты –19,1%-ды (2024 жылғы ақпанда – 17,5%) құрады.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар деңгейі (NPL 90+) несие портфелінің3,1%-ыннемесе929 млрдтеңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,9% немесе 864 млрд теңге).

ШОБ-ты есептегенде заңды тұлғалардың портфелінде NPL90+ қарыздарының деңгейі2,2%-дынемесе278 млрдтеңгені, жеке тұлғалардың портфелінде3,7%-дынемесе650 млрдтеңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып,73,4%-дықұрайды (01.01.2024ж. – 75,9%).

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағыдепозиттері2024 жылғы наурызда негізінензаңды тұлғалардепозиттерінің1,5%-ға 15,7 трлнтеңгеге дейін өсуі нәтижесінде1,0%-ға 34,5 трлнтеңгеге дейін ұлғайды.Жеке тұлғалардың депозиттерібір айда0,5%-ға 18,7 трлнтеңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер 2024 жылғы наурызда1,6%-ға 26,6 трлнтеңгеге дейін ұлғайды, шетел валютасында1,1%-ға 7,9 трлнтеңгеге дейін, оның ішінде теңгенің АҚШ долларына қатысты нығаюы аясында қайта бағалау нәтижесінде азайды. Нәтижесінде 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойыншадолларландыру деңгейі22,9%-дықұрады (2024 жылдың басында – 23,2%).

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы наурызда 13,6%-ды (2024 жылғы ақпанда– 14,0%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,8%-ды құрады (2024 жылғы ақпанда – 13,6%).

2024 жылғы қаңтар-наурызда банктердің таза пайдасы570 млрдтеңгені құрады, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 11,8%-ға көп. Банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы
1 сәуірдегі жағдай бойынша 4,6%-ды (2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша – 3,9%), капитал рентабельділігі (ROE) 34,8%-ды (2023 жылғы
1 сәуірдегі жағдай бойынша – 32,3%) құрады.

 

 

Сыртқыкоммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты