Қазақстан сақтандыру секторының 2024 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2024 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында25сақтандыру ұйымы бар, оның9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.

2024 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңактивтерінегізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде1,4%-ға2,6 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 6,1%-ға өсу).

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға –68,2%(1,8 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға –5,7%(152 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке –4,9% (131 млрд теңге) тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңміндеттемелері сақтандыру резервтерінің өсуі нәтижесінде 2024 жылғы наурызда1,5%-ға1,7 трлнтеңгеге дейін ұлғайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңменшікті капиталынегізінен сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен 2024 жылғы наурызда1,3%-ға немесе12,0 млрдтеңгеге952 млрдтеңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 5,3%-ға өсу).

2024 жылғы наурызда сақтандыру нарығы бойыншатаза пайдасақтандыру және инвестициялық қызметтен алынған кірістер есебінен13,1 млрдтеңге болды (2024 жылдың басынан бері – 46,6 млрд теңге).

2024 жылғы наурызда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалғансақтандыру шарттарыныңсаны1 531мың шартты құрады, бұл 2024 жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда1,9%-ға артық.

2024 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалғансақтандыру шарттарыныңсаны4 449мың шартты құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда35,9%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (700 мың шарт) және өмірді сақтандыру (416 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

2024 жылғы наурызда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданғансақтандыру сыйлықақылары 93,3 млрдтеңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары320,9 млрдтеңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда34,6%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті жеке сақтандыру сыныбы болып табылады

Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан 55,9 млрдтеңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 36,4%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын,  сақтандырудың аталған сыныбын ерікті жеке аннуитеттік сақтандырумен біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (110,2%-ға немесе 16,2 млрд теңгеге өсу) бойынша орын алды.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2024 жылғы 3 ай ішінде127,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 80,7%-ға көп. Өсу, негізінен, өмірді сақтандыру (37,0%-ға немесе 12,3 млрд теңгеге өсу) және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру (77,0%-ға немесе 23,2 млрд теңгеге өсу) бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына  байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бастап137,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,4%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті  сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының                                  9,6%-ға  немесе 6,9  млрд теңгеге  ұлғаюымен байланысты.

2024 жылғы наурыздасақтандыру төлемдері  21,9  млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері64,9  млрдтеңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29,9%-ға көп. Өсу, негізінен, міндетті сақтандыру және өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.

2024 жылғы наурызда барлығы 107,9 мың төлем,  2024 жылдың басынан  –  326,1 мың төлем жүзеге асырылды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz

Қызмет бағыты