Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2024 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2024 жылғы 1 сәуірдегі жай-күйі туралы

Акциялар нарығын капиталдандырунегізінен «ForteBank» АҚ (+55,8%), «Kaspi.kz» АҚ (+25,0%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+7,5%) акциялары бағасының өсуі есебінен 2024 жылғы наурызда9,0%-ғанемесе2,6 трлнтеңгеге (2024 жылдың басынан бастап 15,3%-ға өсу) ұлғайып, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша30,8 трлнтеңгені құрады.

Ағымдағы жылдың наурыз айында акциялармен сауда-саттық көлемі13,3 млрдтеңгені құрап, бір айда 6,3 есеге немесе71,1 млрдтеңгеге азайды. Сауда-саттық көлемінің едәуір төмендеуі ақпан айында «Air Astana» АҚ IPO өткізу себебінен салыстырудың жоғары базасына байланысты болды, оның акциялары 54,7 млрд теңгені құрады.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің100түрлі акциялары болды.

2024 жылғы наурызда KASE индексі5,7%-ға 5 077,8тармаққа дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 21,3%-ға өсті).

«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша45түрлі акция, 53 шетелдік эмитенттің11ETF болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі бір айда51,1%-ғанемесе0,9 млрдтеңгеге ұлғайып, 2024 жылғы наурызда2,6 млрдтеңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі2024 жылғы наурызда13,5 трлнтеңгеге дейін0,1%-ғанемесе7,4 млрдтеңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 0,3%-ға төмендеу).

2024 жылғы наурызда KASE корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 31,7%-ға немесе 27,7 млрд теңгеге 114,9 млрд теңгеге дейін ұлғайды. 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 113 эмитенттің корпоративтік облигацияларының416шығарылымы болды.

2024 жылғы наурызда корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі94,5 млрдтеңгені құрады, бұл 2024 жылғы ақпандағы көрсеткіштен 58,7%-ға немесе 35,0 млрд теңгеге жоғары.

KASE-де саудаланатынмемлекеттік борыш2024 жылғы наурызда0,6%-ға 24,2 трлнтеңгеге дейін төмендеді (2024 жылдың басынан бастап 1,3%-ға өсті).

KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы наурыз айының қорытындысы бойынша515,2 млрдтеңгені құрап, бір айда 11,7%-ға немесе68,0 млрдтеңгеге азайды. 

МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 2,3%-ға немесе9,7 млрдтеңгеге422,1 млрдтеңгеге дейін азайды. Бұл ретте, орналастырудың барлық көлемі жылдық 11,4 - 12,15% орташа алынған кірістілікпен Қаржы министрлігіне тиесілі.

Ұжымдық инвестициялау нарығында2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша52инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 25 аралық, 26 жабық және 1 ашық пай қоры.

Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтер 2024 жылғы 1 наурызда 0,2%-ға немесе0,7 млрдтеңгеге азайып, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша280,7 млрдтеңгені құрады. 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі244,4 млрдтеңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің87,1%-ын құрады.

2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығыныңинституционалдық құрылымына40брокер мен дилер (16 банк және 24 банктік емес ұйым),11кастодиан-банк,21инвестициялық портфельді басқарушы,3трансфер-агент, сондай-ақ3инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен  сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

2024 жылғы наурызда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны6,1%-ғаұлғайып,2 793 мыңшотты құрады, оның ішінде:

  • депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны707,3 мың қосалқы шотқадейін 1,6 мыңға немесе 0,2%-ға ұлғайды (2024 жылдың басынан  10,9 мыңға немесе 1,6%-ға өсті);
  • брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттар саны2 085 мың шотқадейін 158,2 мыңға немесе 8,2%-ға өсті (2024 жылдың басынан 336,2 мыңға немесе 19,2%-ға өсті).

Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері 2024 жылғы 1 сәуірге 687,0 млрд теңгені құрады, 2024 жылғы наурызда Өзге жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша ескерілетін және өзгерістері пайда немесе залал құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар портфелінің өсуі нәтижесінде 1,4% - ға немесе 9,2 млрд теңгеге ұлғайды.

Бағалы қағаздар нарығынакәсіби қатысушылардың активтерібасқа жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша ескерілетін және  өзгерістері пайда немесе шығын құрамында көрсетілетін, әділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар портфелінің өсуі нәтижесінде 2024 жылғы наурызда1,4%-ға немесе 9,2 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша687,0 млрдтеңгені құрады (2024 жылдың басынан 2,2%-ға азайды).Міндеттемелернегізінен РЕПО операциялары бойынша берешектің 5,5 млрд теңгеге ұлғаюы есебінен214,6 млрдтеңгеге дейін2,2%-ға немесе 4,7 млрд теңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан 10,7%-ға азайды).Меншікті капиталнегізінен бөлінбеген пайданың және басқа да жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша есепке алынатын бағалы қағаздарды қайта бағалауға арналған резервтің ұлғаюы нәтижесінде472,6 млрдтеңгеге дейін1,0%-ға немесе 4,5 млрд теңгеге өсті (2024 жылдың басынан 2,1%-ға өсті).

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz