«Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ұйымдастырылған сауда-саттықта бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысқа жіберуге трансшекаралық рұқсат туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ұйымдастырылған сауда-саттықта бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысқа жіберуге трансшекаралық рұқсат туралы келісімге қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысы жобасының (бұдан әрі – Жоба) әзірленгенін хабарлайды.
Жоба «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ортақ биржалық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының («жол картасының») 2-тармағының
1-тармақшасын және «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ұйымдастырылған сауда-саттықта бағалы қағаздарды орналастыруға және айналысқа жіберуге трансшекаралық рұқсат туралы келісім жобасы туралы (бұдан әрі – ЕАЭО, Келісім)» Еуразиялық экономикалық комиссияның 2022 жылғы 25 қарашадағы № 46 өкімін іске асыру шеңберінде әзірленді.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер арасындағы келісімге қол қою Қазақстанға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағында Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылары қаржы құралдарының айналысын қамтамасыз етуге, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бір немесе бірнеше биржасында Қазақстанның бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылары бағалы қағаздарының қосымша листингін (кросс-листингін) жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Жобаның толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15019397 ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.
Толығырақ ақпаратты мына телефон бойынша алуға болады:
+7 (727) 2 371 213
e-mail: press@finreg.kz
www.finreg.kz