2020 жылғы қарашадағы қаржы секторына шолу

2020 жылғы қарашадағы қаржы секторына шолу
  • Қараша айында кредит беруде оң серпін жалғасты – кредит беру көлемі 1,4%-ға ұлғайды (жыл басынан бері өсім 5,6%-ды құрады) және2020жылғы 1 желтоқсанға14 646,7млрд теңгені құрады.
  • Қараша айының қорытындысы бойынша депозиттер көлемі 0,01%-ға өсті (жыл басынан бері өсім 15,3%-ды құрады) және 21 940,4 млрд теңгені құрады. Бұл ретте салымдарды долларландыру жыл басынан бастап 3,8 тармақшаға төмендеп, 39,3%-ды құрады.
  • Сақтандыру нарығында жағдай тұрақты болып қалды. Қараша айында активтердің өсуі бағалы қағаздар мен ақша көлемінің өсуі есебінен болды. Қаңтар-қараша айларында сақтандыру сыйлықақыларының мөлшері өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,5%-ға өсті.
  • 2020 жылғы қараша айының қорытындысы бойынша KASE индексі 5,3%-ға 2 586,34 тармаққа дейін өсті. Баға белгілеулердің ең көп өсуі «ҚазТрансОйл» АҚ (+12,5%), «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ (+11,8%), KAZ Minerals PLC (+7,5%) акциялары бойынша болды.
  • 2020 жылдың 1 желтоқсанына микроқаржы секторында микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 1109 ұйым (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) болды. 2020 жылдың қараша айында    9 ұйым есептік тіркеуден өтті, бұл ретте 12 МҚҚЖҰ тізілімнен шығарылды.

 

БАНК СЕКТОРЫ

2020 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында    26 екінші деңгейдегі банк бар.

Банк секторыныңжиынтық активтеріжыл басынан бері 13,4%-ға ұлғайып 2020 жылғы    1 желтоқсандағы жағдай бойынша 30 384,7 млрд теңгені немесе, ЖІӨ-нің 43,6%-ын құрады.

Банктердің шамамен 14 069 млрд теңгені немесе активтердің 46,3%-ын құрайтынөтімділіктің елеулі қорыбар, оның 12 350 млрд теңгесі жоғары өтімді активтермен ұсынылған. Еркін өтімділіктің болуы банктерге өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банк секторыныңжиынтық міндеттемелеріжыл басынан бері 14,5%-ға ұлғайып, 26 521 млрд теңгені құрады. Міндеттемелер құрылымының 79%-ын депозиттік портфель алады. Айналысқа шығарылған бағалы қағаздар және басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар сияқты өзге де міндеттемелердің үлесі тиісінше 7,0%-ды және 2,1%-ды құрады.

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банк секторыныңжеткілікті капитал қорыбар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1-1) – 20,8% (ең төмен деңгейде – 7,5%, жүйе құраушы банктер үшін – 9,5%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті к2) – 25,9% (ең төмен деңгейінде – 10%, жүйе құраушы банктер үшін – 12%), бұл жүйе бойынша орташа алғанда заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асады.

11 айдың қорытындысы бойынша банктердіңтаза пайдасыөткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға азайып, 742,4 млрд теңгені құрады (2019 жылдың 11 айында – 746,4 млрд теңге).

Банк активтерінің рентабельділігі (ROA) есепті күнгі жағдай бойынша 2,77%-ды (2019 жылғы 1 желтоқсанда – 3,11%), капиталдың рентабельділігі (ROE) – 21,11%-ды (2019 жылғы 1 желтоқсанда - 24,94%) құрады.

Депозит нарығы

Депозиттік ұйымдардағы депозиттер көлеміөсуді жалғастырды және жыл басынан бері 15,3%-ға ұлғайып,2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 21 940,4 млрд теңге болды. Заңды тұлғалардың депозиттері жыл басынан бері 17%-ға өсіп, 11 523,3 млрд теңгені құрады, жеке тұлғалардың депозиттері 10 417,1 млрд теңгеге дейін 13,6%-ға ұлғайды.

Теңдегі депозиттердің көлемі жыл басынан бері 23,1%-ға ұлғайып, 13 322,8 млрд теңге болды. Шетел валютасындағы депозиттік база жыл басынан бері 5,1%-ға өсіп, 8 617,7 млрд теңге болды. Қараша айында шетел валютасындағы депозиттердің үлесі жыл басынан бері 3,8 тармақшаға (2020 жылғы 1 қаңтарда– 43,1%), төмендеп, 39,3%-ды құрады.

Кредит нарығы

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойыншабанктердің экономиканыкредиттеуінің жиынтық көлеміағымдағы жылғы қараша айында 1,4%-ға ұлғайып, 14 646,7 млрд теңгені құрады (жыл басынан бері – 5,6%-ға өсті). Заңды тұлғаларға берілген кредиттердің жиынтық көлемі қараша айында 7 287,5 млрд теңгеге дейін 0,1%-ға ұлғайды (жыл басынан бастап – 1,2%-ға өсті), бұл ретте шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу
2 304,8 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға аздап ұлғайды (жыл басынан бастап – 9,3%-ға өсті). 2020 жылғы қараша айында жеке тұлғаларға берілген кредиттердің көлемі ипотекалық қарыздар көлемінің өсуі есебінен 7 359,1 млрд теңгеге дейін 2,8%-ға өсті (жыл басынан – 10,5%-ға өсті).

Халыққаипотекалық кредит беру көлеміжыл басынан бері 27,8%-ға ұлғайып, 2 258,3 млрд теңгені құрады. Азаматтардың тұтынушылық мақсаттарына арналған кредиттер
4 344,9 млрд теңгеге жетті және ағымдағы жылғы қараша айында 1,7%-ға өсті (ағымдағы жылдың басынан бастап – 3,2%-ға өсті). 2020 жылғы қаңтар-қараша айларындабанктердің тұтынушылық мақсаттарға жаңадан берген кредиттерінің көлемі2019 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 17,0%-ға (-692,5 млрд теңге) азайды.

Ағымдағы жылғы қараша айында кредиттік портфельдің жалпы көлеміндегі90 күннен аса мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің үлесі8,1%-дан 7,9%-ға дейін (1 247,3 млрд теңгеден 1 228,3 млрд теңгеге дейін) төмендеді. Жеке тұлғаларға берілген қарыздар портфеліндеNPLдеңгейі 5,8% (қазанда – 6,2%), ШОБ-тың қарыздар  портфелінде – 13,3% (қазанда – 13,2%), заңды тұлғалардың қарыздар портфелінде – 6,6% (қазанда – 6,8%) болды.

Ағымдағы жылғы қараша айында 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттердіпровизиялар бойынша өтеу деңгейі73,7% болды.90 күннен аса мерзімі өткен берешегі баржеке тұлғалардың кредиттерін провизиялар бойынша өтеу66,1%, заңды тұлғалар – 87,2%, ШОБ бойынша – 72,7% болды.

 

БАНК КОНГЛОМЕРАТТАРЫ

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша банк конгломераттарының құрылымын 14 банк конгломераты ұсынады, олардың қатысушылар саны 81 болды. 01.07.2020ж. көрсеткішпен салыстырғанда банк конгломераттарының саны өзгерген жоқ.

 

Банк конгломераттарыныңактивтері[2]2020 жылғы 3-тоқсанда 3,9%-ға немесе 858,1 млрд. теңгеге ұлғайды және 22 870,2 млрд теңге болды. Банк конгломераттары активтерінің құрылымында ең көп үлес салмағы банк секторына тиесілі – 89,5%.

 

Банк конгломераттарыныңміндеттемелері3-тоқсанда 5,0%-ға немесе 940,4 млрд теңгеге ұлғайып, есепті күнгі жағдай бойынша 19 716,1 млрд теңге болды.

 

Банк конгломераттарыныңменшікті капиталы3-тоқсанда 1,6%-ға төмендеп,
(-46,9 млрд теңге), есепті күнгі жағдай бойынша 2 818,9 млрд теңгені құрады.

 

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша пруденциялық нормативтерді сақтауға қойылатын талаптарды 13 банк конгломераты орындап отыр.

 

САҚТАНДЫРУ СЕКТОРЫ

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторы 28 сақтандыру ұйымын қамтиды, оның ішінде  9 сақтандыру ұйымы – өмірді сақтандыру бойынша.

2020 жылғы қарашадасақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері0,7%-ға ұлғайып, 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 1 470 млрд теңгені немесе ІЖӨ-нің 2,12%-ын құрады. Активтер құрылымында 69,8% бағалы қағаздарға тиесілі. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері2020 жылғы қарашада 1,3%-ға ұлғайып және 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша 815 млрд теңге болды. Міндеттемелер құрылымында 83,9%-ды 684 млрд теңге сомадағы сақтандыру резервтері алады.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының меншікті капиталы2020 жылғы
1 желтоқсандағы жағдай бойыншажағдай бойынша 654 млрд теңге болды. 2020 жылғы қарашада 0,03%-ға төмендеу бөлінбеген пайданың азаюы және болжанбаған тәуекелдер резервінің есебінен болды.

Негізінен сақтандыру қызметінен түскен кірістер есебінен алынғансақтандыру секторының таза пайдасы2020 жылғы қарашада  0,2 млрд теңгені құрады. 

2020 жылдың басынан бастап қабылданғансақтандыру сыйлықақыларының көлемі453,2 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9,6%- ға артық. 

Жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны қараша айында 727 864 (қазанда – 793 067) құрады.

2020 жылдың басынан бері өндірілгенсақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі132,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27,9%- ға кем.

 

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ

Акциялар нарығы

Акциялар нарығын капиталдандыру2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жыл басынан бастап 7,1%- ға ұлғайып, 18,4 трлн теңгені құрады.

Акциялармен сауда-саттық көлемі2020 жылғы қарашада 42,6 млрд теңгені құрады және қазан айымен салыстырғанда 3 есеге немесе 27,4 млрд теңгеге ұлғайды. Бұл ретте акциялармен сауда-саттық көлемі 11 айдың ішінде 12,8%-ға немесе  өткен жылғы осыған ұқсас кезеңмен салыстырғанда 24,3 млрд теңгеге өсті.

2020 жылдың қараша айының қорытындысы бойыншаKASE индексі2 586,34 тармаққа дейін 5,3% - ға өсті.

Облигациялар нарығы

KASE- де саудаланатынкорпоративтік борышкөлемі 2020 жылғы қарашада 2,6%-ға (жыл басынан бастап 19,1%- ға ұлғаю) азайып, 14,4 трлн теңгені құрады.

KASE-гі корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлеміөткен аймен салыстырғанда 60,8%- ға төмендеп, 196,7 млрд теңгені құрады. Бұл ретте 2020 жылдың 11 айында бұл көрсеткіш 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,2%- ға немесе 605,3 млрд теңгеге төмен.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

KASE-де сатылатын номинал бойыншамемлекеттік борыш сомасыбір айда 1,9%-ға ұлғайып, 2020 жылғы 1 желтоқсанға 16,5 трлн теңгені құрады.

KASE-дегімемлекеттік бағалы қағаздарменсауда-саттық жиынтық көлемі қазандағы  көрсеткішпен салыстырғанда 66,6%-ға төмендеп, ағымдағы жылғы қарашаның қорытындысы бойынша 215,7  млрд теңгені құрады.

МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 2020 жылғы қарашада 167 млрд теңгені құрады, оның ішінде ҚР Қаржы министрлігі 160,8 млрд теңгені және екі облыстың әкімдіктері 6,2 млрд теңгені «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы» мемлекеттік бағдарламасын қаржыландыру мақсатында тартты.

Ұжымдық инвестициялар нарығы

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығында                       35 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 20 аралық, 14 жабық және 1 ашық. 2020 жылғы қарашада  инвестициялық қорлардың саны өзгермеді.Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтердің жиынтық көлемі 2020 жылғы қарашаның соңында 192 млрд теңгені құрады және өткен аймен салыстырғанда                       7%-ға ұлғайды.

Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымы

Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депонент клиенттердің 132 971 қосалқы шоты ашылды.

Брокерлер, және (немесе) дилерлердің және инвестициялық портфельді басқарушылардыңжиынтық  активтерібір айда 3,4%-ға азайып, 2020 жылғы                       1 желтоқсандағы жағдай бойынша 417,8  млрд теңгені құрады. Активтер құрылымында 2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша  60,8%-ын бағалы қағаздар алып отыр.

Брокерлер және (немесе) дилерлердің және инвестициялық портфельді басқарушылардыңміндеттемелерінің жиынтық көлеміөткен аймен салыстырғанда 12,9%-ға азайып, 122,8  млрд теңгені құрады.

Брокерлер және (немесе) дилерлердің және инвестициялық портфельді басқарушылардыңменшікті капиталыбір айда 1,2%-ға ұлғайып, 295 млрд теңгені құрады.

МИКРОҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТ

2020 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша микроқаржы секторына микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын 1109 ұйым (бұдан әрі – МҚҚЖҰ) кіреді. МҚҚЖҰ  микроқаржы ұйымдарын, оның ішінде онлайн-кредиттеу компанияларын, сондай-ақ ломбардтар мен кредиттік серіктестіктерді  қамтиды. 2020 жылғы қараша айының ішінде  9 МҚҚЖҰ есептік тіркеуден өтті, бұл ретте 12 МҚҚЖҰ тізілімнен алып тасталды.Өңірлер бойынша жұмыс істейтін МҚҚЖҰ-ның неғұрлым көп саны Алматы қаласына (19%) және Нұр-Сұлтан қаласына (11%), Қарағанды (11%) және Алматы облыстарына (10%) тиесілі.

Толық нұсқасынмынажерден таба аласыз.