Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Агенттік Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 «Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың тізбесін белгілеу туралы»  қаулысына өзгеріс енгізгені туралы хабарлайды (ары қарай – Қаулы).

Қаулы банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, акционерлік инвестициялық қорлар және микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдар қызметінің мақсаттары үшін офшорлық аймақтардың мынадай тізбесін өзектендіру мақсатында әзірленді.

Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінің сайтында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсындағы «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.