«Астық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамына «жалпы сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығына берілген лицензиядан айыру туралы

«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы заңының 55-бабы 1-тармағының 1) және 2-3) тармақшаларымен қарастырылған лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға негiз болған мән-жайлар белгiленген мерзiмде жойылмағаны және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген пруденциялық нормативтердiң талаптарын бiрнеше рет (қатарынан күнтiзбелiк он екi ай iшiнде екi және одан да көп рет) сақтамау арқылы көрінген бұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 46 қаулысымен «Астық сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Сақтандыру ұйымы) «жалпы сақтандыру» саласы бойынша 2020 жылдың 18 ақпанында сақтандыру (қайта сақтандыру) қызметін жүзеге асыру құқығы берілген № 2.1.37 лицензиясынан (бұдан әрі – Лицензия) 2021 жылғы 15 наурыздан бастап айырылды.
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 15 наурыздағы № 93 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалды, оған cақтандыру ұйымының барлық басқару органдарының өкілеттіктері өтті. Сақтандыру ұйымының уақытша әкімшілігі өз қызметін cақтандыру ұйымының тарату комиссиясы тағайындалғанға дейінгі кезеңде жүзеге асырады.
Сақтандыру ұйымы 2021 жылдың 15 наурыздан сақтандыру немесе өзге де қызметті жүзеге асыруға құқылы емес, тізбесін уәкілетті орган айқындайтын операцияларды қоспағанда, қолда бар банк шоттары бойынша барлық операцияларды тоқтатады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің заңмен белгіленген тәртіпте cақтандыру ұйымының қызметін тоқтату туралы (мәжбүрлеп тоқтату) өтінішпен сотқа жүгінеді. Сақтандыру ұйымын Лицензиядан айыру күнінен бастап кредиторлардың cақтандыру ұйымына талаптары, cақтандыру ұйымын ұстауға арналған ағымдағы шығындарға қатысты талаптарды қоспағанда, тарату процесінде ғана ұсынылуы мүмкін.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша уақытша әкімшіліктің басшысы София Эдуардовна Душкинаға +7 777 388-99-02 телефоны бойынша өтініш жасауға болады.