"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 97 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Агенттік Басқармасының қаулысын қабылдау туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мақсатында сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, сақтандыру брокерлері, өзара сақтандыру қоғамдары, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының филиалдары және Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлерінің филиалдары үшін ішкі бақылау қағидаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2020 жылғы 12 қазандағы № 97 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 15 қаулысын (бұдан әрі-қаулы) қабылдады.
Қаулы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экспорттық-кредиттік агенттік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және шикізаттық емес тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) экспортын ілгерілету туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында әзірленді.
Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында электрондық түрде танысуға болады: https://zan.gov.kz/client/#!/Doc/194999 /rus және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің «құжаттар» бөліміндегі ресми интернет-ресурсында.