Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 220 қаулысының қабылдануы жайында

Қазақстан Республикасының Үкіметі «Биржада бағалы қағаздардың сауда-саттығын жүзеге асыру өлшемшарттарын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 17 қарашадағы № 911 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 20 наурыздағы № 200 қаулысы (бұдан әрі – Қаулы) қабылданды.
Қаулы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық Кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2023 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру үшін әзірленді және бағалы қағаздар үшін өтімділік өлшемшарттарын енгізуді көздейді, оларға сәйкес сыйақылар мен дивидендтер бейрезиденттерден салық салудан босатылады.
Жобаны іске асыру бағалы қағаздар эмитенттерін бағалы қағаздарды белсенді түрде шығаруға және саудалауға ынталандыру есебінен қор нарығының дамуына және экономикалық өсу қарқынының ұлғаюына оң әсер етеді деп күтілуде. Бағалы қағаздар эмитенттері инвесторларды көбірек тарту үшін өздерінің бағалы қағаздары бойынша дивидендтер мен сыйақыларды салық салудан босатуды қамтамасыз ету мақсатында белгіленген өлшемшарттарды сақтауға мүдделі болады.
Қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің сайтында және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсында «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.