Қазақстан банк секторының 2024 жылғы 1 наурыздағы жай-күйі туралы

Қазақстан банк секторының 2024 жылғы 1 наурыздағы жай-күйі туралы

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында21екінші деңгейдегі банк бар, оның 11-і шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8-і еншілес банк.

Банк секторыныңактивтерінегізінен несие портфелінің 2,6%-ға немесе 753,2 млрд теңгеге өсуі есебінен ағымдағы жылғы ақпанда1,8%-ғанемесе0,9 трлнтеңгеге ұлғая отырып (2024 жылдың басынан бері 1,0%-ға немесе 0,5 трлн теңгеге өсу), 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша52,0 трлнтеңгені құрады.

Екінші деңгейдегі банктердіңөтімділігі жоғары активтері16,0 трлнтеңгені немесе активтердің30,8%-ынқұрады, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Банктердіңменшікті капиталыағымдағы жылғы ақпанда3,2%-ға 7,3 трлн теңгегедейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 6,9%-ға немесе 471,0 млрд теңгеге өсу). 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,4%-ды, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 21,5%-ды құрады, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір артық және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді.

Банк секторыныңміндеттемелері2024 жылғы ақпанда жеке тұлғалар салымдарының 1,3%-ға 20,2 трлн теңгеге дейін өсуі (міндеттемелердің құрылымындағы үлес 45,2%) нәтижесінде1,5%-ға 44,6 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 0,1%-ға немесе 52,1 млрд теңгеге өсу).

2024 жылғы ақпанда екінші деңгейдегі банктерэкономикағабергенкредиттерАҚШ долларының теңгеге қатысты 0,6%-ға нығаюы аясында валюталық қайта бағалау нәтижесінде2,1%-ға 28,4 трлнтеңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 1,8%-ға өсу), оның ішінде ұлттық валютада 2,0%-ға, 26,3 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 3,0%-ға 2,2 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде кредиттердің теңгемен үлес салмағы 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 92,4%-ды құрады.

Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер2024 жылғы ақпанда1,8%-ға 11,2 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 0,6%-ға төмендеу). Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілетін кредиттер1,5%-ға 9,5 трлнтеңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бері 1,4%-ға төмендеу). Оның ішіндеШОБ субъектілерінеқарыздар0,5%-ға 5,6 трлнтеңгеге дейін,ірі бизнескеқарыздар3,0%-ға 4,0 трлнтеңгеге дейін ұлғайды.

Дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер бір айда3,2%-ға 1,6 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 4,9%-ға өсу).

2024 жылғы ақпанда бизнес субъектілеріне2,6 трлнтеңге сомасынажаңа қарыздар берілді,бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда42,0%-ғаартық.

Халыққа берілген кредиттер2024 жылғы ақпанда2,2%-ғаұлғайып,17,2 трлнтеңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 3,4%-ға өсу). Халыққа берілген кредиттердің өсуіипотекалық кредиттеудің 1,3%-ға 5,4 трлнтеңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақтұтынушылық қарыздардың2,7%-ға 10,7 трлнтеңгеге дейін өсуіне байланысты.

2024 жылғы ақпанда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі19,5%-ды(2024 жылғы қаңтарда– 19,9%), халыққа қатысты – бөліп төлеу бойынша берілген қарыздар үлесінің ұлғаюы нәтижесінде17,5%-ды (2024 жылғы қаңтарда – 19,8%) құрады.

Кредит портфелінің сапасы тұрақты болып қалып отыр. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар деңгейі (NPL 90+) несие портфелінің3,0%-ыннемесе906 млрдтеңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,9% немесе 863 млрд теңге).

ШОБ-ты есептегенде заңды тұлғалардың портфелінде NPL90+ қарыздарының деңгейі2,3%-дынемесе284 млрдтеңгені, жеке тұлғалардың портфелінде3,6%-дынемесе622 млрдтеңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып,73,9%-дықұрайды (01.01.2024ж. – 75,9%).

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағыдепозиттері2024 жылғы ақпанда негізінен жеке тұлғалар депозиттерінің1,4%-ға 18,6 трлнтеңгеге дейін өсуі нәтижесінде1,0%-ға 34,1 трлнтеңгеге дейін ұлғайды.Заңды тұлғалардың депозиттерібір айда0,6%-ға 15,5 трлнтеңгеге дейін өсті.

Ұлттық валютадағы депозиттер 2024 жылғы ақпанда0,7%-ға 26,1 трлнтеңгеге дейін, шетел валютасында2,1%-ға 8,0 трлнтеңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойыншадолларландыру деңгейі23,4%-дықұрады (2024 жылдың басында – 23,2%).

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2024 жылғы ақпанда 14,0%-ды (2024 жылғы қаңтарда – 14,3%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 13,6%-ды құрады (2024 жылғы қаңтарда – 14,0%).

2024 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы390 млрдтеңгені құрады, бұл 2023 жылғы ақпанға қарағанда 18,0%-ға көп. Банктік активтердің рентабельділігі (ROA) 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 4,7%-ды (2023 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша – 3,8%), капитал рентабельділігі (ROE) 35,6%-ды (2023 жылғы
1 наурыздағы жағдай бойынша – 31,6%) құрады.

 

Сыртқыкоммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz

Қызмет бағыты