Қазақстан сақтандыру секторының 2024 жылғы 1 наурыздағы жай-күйі туралы

Қазақстан сақтандыру секторының 2024 жылғы 1 наурыздағы жай-күйі туралы

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында25сақтандыру ұйымы бар, оның9-ы – өмірді сақтандыру бойынша.

2024 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңактивтерінегізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде0,3%-ға2,6 трлнтеңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 4,6%-ға өсу).

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға –68,3%(1,8 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға –5,9%(155 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке –5,0% (130 млрд теңге) тиесілі.  

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңміндеттемелері «РЕПО» операциялары бойынша міндеттемелердің төмендеуі нәтижесінде 2024 жылғы ақпанда 0,8%-ға 1,7 трлн теңгеге дейін азайды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарыныңменшікті капиталынегізінен сақтандыру қызметінен алынған пайда есебінен 2024 жылғы ақпанда2,2%-ға немесе20,6 млрдтеңгеге940 млрдтеңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 4,0%-ға өсу).  

2024 жылғы ақпанда сақтандыру нарығы бойыншатаза пайдасақтандыру және инвестициялық қызметтен алынған кірістер есебінен18,8 млрдтеңге болды (2024 жылдың басынан бері – 33,5 млрд теңге).

2024 жылғы ақпанда жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалғансақтандыру шарттарыныңсаны1 502мың шартты құрады, бұл 2024 жылдың алдыңғы айымен салыстырғанда6,1%-ға артық. 

2024 жылдың басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалғансақтандыру шарттарыныңсаны2 918мың шартты құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда43,5%-ға артық. Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (505 мың шарт) және өмірді сақтандыру (295 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

2024 жылғы ақпанда сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданғансақтандыру сыйлықақылары87,3 млрдтеңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру сыйлықақылары227,6 млрдтеңгені құрады, бұл 2023 жылдың ұқсас кезеңімен  салыстырғанда33,5%-ға көп. Сақтандыру сыйлықақыларының өсуінің негізгі драйвері ерікті мүліктік сақтандыру сыныбы болып табылады.

Міндетті сақтандыру бойынша жыл басынан 37,5 млрдтеңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 37,2%-ға көп. Ұлғаю, негізінен, Қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын,  сақтандырудың аталған сыныбын ерікті жеке аннуитеттік сақтандырумен біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (122,9%-ға өсу немесе 11,9  млрд теңге) бойынша орын алды.

Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2024 жылғы 2 ай ішінде88,6 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 79,8%-ға көп. Өсу, негізінен, өмірді сақтандыру (46,7%-ға өсу немесе 10,1 млрд теңге) және зейнетақы аннуитеттік сақтандыру (60,9%-ға өсу немесе 12,8 млрд теңге) бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының ұлғаюына байланысты.

Ерікті мүліктік сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары ағымдағы жылдың басынан бастап101,4 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 8,2%-ға көп. Өсу, негізінен, мүлікті  сақтандыру бойынша жиналған сыйлықақылар сомасының 12,5%-ға  өсумен немесе 7,1  млрд теңге болып ұлғаюымен байланысты.

2024 жылғы ақпандасақтандыру төлемдері 22,7 млрд теңгені құрады. 2024 жылдың басынан бері сақтандыру төлемдері42,9 млрд теңгеніқұрады, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда34,6%-ға көп. Өсу, негізінен, міндетті сақтандыру және өмірді сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің ұлғаюымен байланысты.

2024 жылғы ақпанда барлығы 103,1 мың төлем,  2024 жылдың басынан бері –  218,2 мың төлем жүзеге асырылды.

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz

Қызмет бағыты