Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2024 жылғы 1 наурыздағы жай-күйі туралы

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының 2024 жылғы 1 наурыздағы жай-күйі туралы

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойыншаакциялар нарығын капиталдандырунегізінен «Банк Центркредит» АҚ (+39,1%), «Kcell» АҚ (+29,3%) және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+22,8%) индекстік компанияларының акциялары бағасының өсуі және «Эйр Астана» АҚ жай акцияларының KASE-дегі алғашқы жария ұсынысы (IPO) есебінен28,3 трлнтеңгеге дейін6,7%-ғанемесе1,8 трлнтеңгеге ұлғайды  (2024 жылдың басынан бастап 5,7%-ға өсті). 

Ағымдағы жылғы ақпан айында акциялармен сауда-саттық көлемі негізінен «Алтай Ресорсиз» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен сауда-саттық көлемінің өсуі және «Эйр Астана» АҚ IPO есебінен бір айда 6 есе немесе70,6 млрдтеңгеге ұлғайып,84,4 млрдтеңгені құрады.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (бұдан әрі – KASE) сауда тізімдерінде 85 эмитенттің100түрлі акциясы болды.

2024 жылғы ақпанда KASE индексі  12,8%-ға 4 803,2тармаққа дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 14,7%-ға өсті).

«KASE Global» секторында 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша45түрлі акция,11ETF және 53 шетелдік эмитент болды. «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі  бір айда22,5%-ғанемесе507,1 млнтеңгеге азайып, 2024 жылғы ақпанда1,7 млрдтеңгені құрады.

KASE-де саудаланатын корпоративтік борыш көлемі2024 жылғы ақпанда13,5 трлнтеңгеге дейін0,9%-ғанемесе120,4 млрдтеңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан бастап 0,3%-ға төмендеді).

2024 жылғы ақпанда KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 87,3 млрд теңгеге дейін 83,0%-ға немесе 424,6 млрд теңгеге төмендеді. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша KASE сауда-саттық тізімдерінде 111 эмитенттің корпоративтік облигацияларының418шығарылымы болды.

2024 жылғы ақпанда корпоративтік облигациялардың бастапқы нарығының көлемі59,6 млрдтеңгені құрады, бұл 2024 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен 86,8%-ға немесе 392,4 млрд теңгеге төмен.

KASE-де саудаланатынмемлекеттік борыш2024 жылғы ақпанда1,0%-ға 24,3 трлнтеңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бастап 1,9%-ға өсті).

KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 2024 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша583,2 млрдтеңгені құрап, бір айда 52,6%-ға немесе646,5 млрдтеңгеге азайды.

МБҚ бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі 56,9%-ға немесе570,0 млрдтеңгеге431,8 млрдтеңгеге дейін азайды. Бұл ретте, орналастырудың барлық көлемі жылдық 11,5 - 12,15% орташа алынған кірістілікпен Қаржы министрлігіне тиесілі.

Ұжымдық инвестициялау нарығында2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша52инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 26 аралық, 25 жабық және 1 ашық пай қоры.

Ұжымдық инвестициялар нарығындағы басқарудағы активтер 2024 жылғы 1 ақпанда  0,5%-ға немесе1,5 млрдтеңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша281,4 млрдтеңгені құрады. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бағалы қағаздар портфелі244,9 млрдтеңгені немесе инвестициялық пай қорларының жиынтық активтерінің87%-ын құрады.

2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша бағалы қағаздар нарығыныңинституционалдық құрылымына39брокер мен дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым),11кастодиан-банк,21инвестициялық портфельді басқарушы,3трансфер-агент, сондай-ақ3инфрақұрылымдық ұйым: KASE, KASE Клирингтік орталығы және бірыңғай тіркеуші мен  сауда репозиторийінің функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі кірді.

2024 жылғы ақпанда Орталық депозитарийдің номиналды ұстау жүйесіндегі шоттардың саны2,2%-ғаартып,2 633 мыңшотты құрады, оның ішінде:

- депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны706 мың қосалқы шотқадейін 4,9 мыңға немесе 0,7%-ға ұлғайды (2024 жылдың басынан  9,3 мыңға немесе 1,3%-ға өсті);

- брокерлер ашқан және жинақталған омнибус-шоттар арқылы есепке алынатын дербес шоттар саны1 927 мың шотқадейін 53  мыңға немесе 2,8%-ға өсті (2024 жылдың басынан 178 мыңға немесе 10,2%-ға өсті).

Бағалы қағаздар нарығынакәсіби қатысушылардың активтеріәділ құн бойынша бағаланатын бағалы қағаздар портфелінің өсуі нәтижесінде 2024 жылғы ақпанда1,8%-ға немесе 12,3 млрд теңгеге ұлғайып, 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша678,0 млрдтеңгені құрады (2024 жылдың басынан 3,6%-ға азайды).Міндеттемелернегізінен РЕПО операциялары бойынша берешектің 5,1 млрд теңгеге және алынған қарыздардың 3,2 млрд теңгеге ұлғаюы есебінен209,9 млрдтеңгеге дейін3,9%-ға немесе 7,9 млрд теңгеге ұлғайды (2024 жылдың басынан 12,6%-ға азайды).Меншікті капиталнегізінен бөлінбеген пайданың ұлғаюы нәтижесінде468,1 млрдтеңгеге дейін0,9%-ға немесе 4,3 млрд теңгеге өсті (2024 жылдың басынан 1,1%-ға өсті).

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089, press@finreg.kz