2021 жылғы ақпандағы қаржы секторына шолу

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
2021 жылғы ақпандағы қаржы секторына шолу
- 2021 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ жылдық мәнде 2,9%-ға қысқарды (2021ж. қаңтарда: -4,5%). Нақты сектордың барлық салалары, тау-кен өнеркәсібін қоспағанда, тұрақты өсуді көрсетті.
- Үкімет, ҚРҰБ және ҚНРДА макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, тәуекелдерді шектеу, экономиканы қолдау және оны ішкі және сыртқы ортадағы өзгерістерге бейімдеу мақсатында макроэкономикалық саясатты үйлестіру туралы келісім жасады.
- Халықаралық рейтингтік агенттіктер Қазақстанның тәуелсіз кредиттік рейтингтерін пандемияға дейінгі инвестиция деңгейінде растады. Fitch Ratings агенттігі Қазақстанның кредиттік рейтингін «BBB» деңгейінде растады, болжам «тұрақты». Moody's - «Baa3», болжам «оң». S&P Қазақстанның рейтингін «BBB-/A-3» деңгейінде растады, болжам «тұрақты».
- Қазақстанда іскерлік белсенділік индексі ақпан айында қаңтармен салыстырғанда 0,6 тармаққа өсіп, 49,0 тармақты құрады. Қызмет көрсету саласында индекс 49,2, өнеркәсіпте - 49,0, құрылыста - 47,4 деңгейінде қалыптасты (қаңтарда сәйкесінше 47,4, 49,4, 51,1).
- «AsiaCredit Bank (АзияКредит Банк)» АҚ бағалы қағаздар нарығында банктік және өзге де операциялар мен қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиядан айырылды.
БАНК СЕКТОРЫ
2021 жылғы ақпан айында банк секторының активтері 696,5 млрд теңгеге немесе 31 995,4 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға өсті. Қазақстан Республикасының банк секторында 25 екінші деңгейдегі банк бар, оның ішінде 15 банк шет елдің қатысуымен (банктердің жалпы санының 60,0%-ы), оның ішінде 12 еншілес банк.
Банк секторы активтерінің құрылымында ең үлкен өсім «Бағалы қағаздар портфелі» 4,7%-ға (немесе 355 млрд теңгеге) және «Басқа банктерде орналастырылған депозиттер» 8,7%-ға (немесе 386 млрд теңгеге) баптары бойынша байқалады. Екінші деңгейдегі банктердің өтімділік резерві шамамен 15 758 млрд теңгені немесе активтердің 49,3%-ын құрайды, оның 12 564 млрд теңгесі жоғары өтімді активтермен ұсынылған. Ағымдағы жылдың есепті айында банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері, негізінен клиенттер салымдарының 2,0%-ға (немесе 428,6 млрд теңгеге) ұлғаюы есебінен 2,4%-ға (645,6 млрд теңге) өсті.
01.03.2021ж. жағдай бойынша банк секторының жеткілікті капитал қоры бар. Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) – 21,2% (ең төменгі деңгейде – 7,5%, жүйе құраушы банктер үшін – 9,5%), меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) – 26,1% (ең төменгі деңгейде – 10%, жүйе құраушы банктер үшін – 12%), бұл жүйе бойынша орта есеппен заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асады. 2021 жылғы ақпанның қорытындысы бойынша банктердің таза пайдасы өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 29,2%-ға ұлғайып, 194,3 млрд теңгені құрады (2020 жылғы ақпанда – 150,5 млрд теңге).
01.03.2021ж. жағдай бойынша банктердің кредиттеуінің жиынтық көлемі 2021 жылғы ақпанда 0,3%-ға азайып, 14 552,4 млрд теңгені құрады. Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 6 986,5 млрд теңгеге дейін 1,1%-ға азайды, шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2 557,8 млрд теңгеге дейін 0,7%-ға өсті. 2021 жылғы ақпанда жеке тұлғаларға кредиттер көлемі 7 565,9 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға азайды.
Халыққа ипотекалық кредит беру көлемі 2021 жылғы ақпанда 3,6%-ға азайды және 01.03.2021 жылғы жағдай бойынша 2 325,9 млрд теңгені құрады. Азаматтардың тұтынушылық мақсаттарына берілген кредиттер бір айда 0,7%-ға өсті және 01.01.2021ж. жағдай бойынша олардың көлемі 4 463,9 млрд теңгеге жетті. 2021 жылдың басынан бастап тұтынушылық қарыздар портфелі 1,7%-ға өсті.
2021 жылғы ақпанда 90 күннен аса мерзімі өткен берешегі бар кредиттердің кредиттік портфельдің жалпы көлеміндегі үлесі 6,99%-дан 6,92%-ға дейін (1 091,0 млрд теңгеден 1 064,3 млрд теңгеге дейін) төмендеді, жеке тұлғалардың қарыздар портфелінде 90 күннен аса мерзімі өткен берешегі бар қарыздар деңгейі 5,4%, ШОБ портфелінде – 11,1%, заңды тұлғалардың портфелінде – 5,5%) болды.
ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫ
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 01.03.2021ж. жағдай бойынша 2021 жылғы ақпанда 0,6%-ға азайып, 22 547,2 млрд теңге болды.
Заңды тұлғалардың депозиттері 11 358,6 млрд теңгеге дейін 4,9%-ға азайды, жеке тұлғалардың депозиттері 11 188,5 млрд теңгеге дейін 4,3%-ға ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 2021 жылғы ақпанда 0,8%-ға ұлғайды және 01.03.2021ж. жағдай бойынша 14 390,7 млрд теңге болды, шетел валютасымен 8 156,5 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға азайды. Нәтижесінде долларландыру деңгейі 01.02.2021ж. 36,2% (01.02.2020ж. – 37,1%) болды.
Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2021 жылғы ақпанда 7 304,3 млрд теңгеге дейін 5,4%-ға азайды, шетел валютасымен – 4 054,3 млрд теңгеге дейін 4,0%-ға азайды, бұл заңды тұлғалар депозиттерінің 35,7%-ын құрайды. Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 7 086,4 млрд теңгеге дейін 8,2%-ға ұлғайды, шетел валютасымен 4 102,2 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға азайды немесе бұл жеке тұлғалардың депозиттерінің 36,7%-ын құрайды. Мерзімді депозиттер көлемі 2021 жылғы ақпанда 1,4%-ға азайып, 15 625,9 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 9 845,2 млрд теңге, шетел валютасымен – 5 780,7 млрд теңге болды. Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,2% (2021 жылғы қаңтарда – 7,2%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 8,9% (2021 жылғы қаңтарда – 9,4%) болды.
САҚТАНДЫРУ СЕКТОРЫ
2021 жылғы ақпанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 2,4%-ға ұлғайды және 01.03.2021ж. жағдай бойынша 1 586 млрд теңге немесе ІЖӨ-нен 2,25% болды. Ұлғаю сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар көлемінің ұлғаюы есебінен қол жеткізілді.
01.03.2021ж. жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында
28 сақтандыру ұйымы бар, оның ішінде 9 – өмірді сақтандыру бойынша. 2021 жылғы ақпанда сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері 2,4%-ға ұлғайды және 01.03.2021ж. жағдай бойынша 1 586 млрд теңге немесе ІЖӨ-нен 2,25% болды. Ұлғаю сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталатын әділ құны бойынша бағаланатын бағалы қағаздар көлемінің ұлғаюы есебінен қол жеткізілді.
01.03.2021ж. жағдай бойынша қайта сақтандыру активтері 2021 жылғы ақпанда 6,3%-ға ұлғайып, 81 млрд теңге (жиынтық активтерден 5,1%) болды. Негізгі ұлғаю қайта сақтандыру активтері бойынша еңбек сіңірілмеген сыйақылар бойынша белгіленді, бұл жаңа қайта сақтандыру шарттарын жасауға байланысты болды. Сақтандыру дебиторлық берешек 2021 жылғы ақпанда 0,6%-ға ұлғайып, 77 млрд теңгені (жиынтық активтердің 4,9-ы) құрады.
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ
Акциялар нарығы
01.03.2021ж. жағдай бойынша акциялар нарығын капиталдандыру 2021 жылғы ақпанда 5,2%-ға немесе 1,0 трлн теңгеге ұлғайып 20,8 трлн теңге құрады 2021 жылғы ақпанда акциялармен сауда-саттық көлемі 2021 жылғы қаңтармен салыстырғанда 34,9%-ға немесе 7,1 млрд теңгеге азайып, 13,3 млрд теңгені құрады.
01.03.2021ж. «Қазақстан қор биржасы» АҚ-тың (бұдан әрі – KASE) сауда-саттық тізімдерінде 123 эмитенттің 139 акциялары болды, олардың ішінде 3 шығарылым листингтік емес бағалы қағаздар секторында айналысқа жіберілді. Есепті кезеңде KASE ресми тізімінен эмитенттің бастамасы бойынша «Fincraft Capital» АҚ акциялары шығарылды, сондай-ақ «Жалтырбұлақ» АҚ жай акциялары енгізілді.
2021 жылдың ақпанда KASE индексі 5,6%-ға 2 957,76 тармаққа дейін өсті. Баға белгілеудің ең көп ұлғаюы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ (+23,9%), KAZ Minerals PLC (+17,1%), «Қазақтелеком» АҚ (+3,8%) акциялары бойынша болды.
Облигациялар нарығы
KASE-де саудаланатын корпоративтік борыштың көлемі 2021 жылғы ақпанда 0,8%-ға немесе 110 млрд теңгеге азайып, 14,4 трлн теңге болды.
01.03.2021ж. KASE сауда-саттық тізімінде 70 эмитенттің шығарған 275 корпоративтік облигациялары болды. 2021 жылдың ақпан айында KASE ресми тізімінен облигациялардың 4 шығарылымы: «Қазақстан Тұрғын үй компаниясы» АҚ екі шығарылымы және олардың жойылуына байланысты «Амангелді Газ» ЖШС шығарылымы, оларды мерзімінен бұрын өтеуге байланысты «Исткомтранс» ЖШС халықаралық облигацияларының шығарылымы шығарылды. KASE-де корпоративтік облигациялармен сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 31,8%-ға немесе 74,7 млрд теңгеге төмендеп, 160,1 млрд теңгені құрады.
2021 жылғы ақпанда жалпы сомасы 82,2 млрд теңгеге облигациялардың 6 шығарылымы орналастырылды, оның 99,5%-ы квазимемлекеттік сектор компанияларына тиесілі. Корпоративтік облигациялардың қайталама нарығындағы инвесторлардың негізгі санаттары бөлігінде ЕДБ-нің үлесі 7,7%-ды, брокерлік- дилерлік ұйымдардың үлесі – 1,0%-ды, басқа институционалдық инвесторлардың үлесі – 86,3%-ды, өзге заңды тұлғалардың үлесі – 3,9%-ды, жеке тұлғалардың үлесі – 1,2%-ды құрады.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы
KASE-де сатылатын номинал бойынша мемлекеттік борыш ақпан айында 3,1%-ға немесе 541,6 млрд теңгеге ұлғайып, 01.03.2021ж. 17,9 трлн теңгені құрады. 2021 жылғы ақпан айының қорытындысы бойынша KASE-де мемлекеттік бағалы қағаздармен сауда-саттықтың жиынтық көлемі бір айда 12,7%-ға немесе 43,4 млрд теңгеге азайып, 299,0 млрд теңгені құрады. 2021 жылғы ақпанда мемлекеттік бағалы қағаздардың бастапқы нарығындағы сауда-саттық көлемі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық міндеттемелерін орналастыру есебінен 238,5 млрд теңгені құрады.
Брокерлер және (немесе) дилерлердің және инвестициялық портфельді басқарушылардың қаржылық көрсеткіштері
01.03.2021ж. брокерлер және (немесе) дилерлер мен инвестициялық портфельді басқарушылардың жиынтық активтері 01.02.2021 ж. көрсеткішпен салыстырғанда 2%-ға ұлғайып, 415,1 млрд теңгені құрады. 01.03.2021 ж. жағдай бойынша брокерлер және (немесе) дилерлер мен инвестициялық портфельді басқарушылар активтерінің құрылымында негізгі үлесті 274,7 млрд теңге немесе жиынтық активтердің 66,2%-ы мөлшерінде бағалы қағаздар алады. 01.02.2021 жылмен салыстырғанда бағалы қағаздар портфелі 10 млрд теңгеге немесе 3,8%-ға ұлғайды.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау
2021 жылғы ақпанда Агенттіктің тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелеріндегі қызметі негізінен қарыз алушылардың борыш жүктемесін азайту бойынша жәрдем ету және шаралар қабылдауға, оның ішінде Бағдарлама шеңберінде жәрдем көрсету, сондай-ақ біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану тәртібі туралы өтініштерін қарауға байланысты болды.
2021 жылғы ақпанда Агенттік жеке және заңды тұлғалардың қаржы ұйымдарының, микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, сондай-ақ коллекторлық агенттіктердің қызметімен байланысты 1 868 өтінішін қарады, бұл өткен есепті кезеңмен салыстырғанда 28%-ға (немесе 525 өтінішке) көп.
Өтініштердің ең көп үлесі банк секторына (банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға) тиесілі, ол өтініштердің жалпы санының 70%-ын құрайды. Қаржы нарығының секторлары бойынша үлес былайша бөлінген: микроқаржылық қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет мәселелері бойынша – 10.2%, сақтандыру нарығы субъектілері – 1.6%, бағалы қағаздар нарығы субъектілері – 1% және коллекторлық агенттіктер – 4%, сондай-ақ қаралған өтініштердің жалпы санының 13.4% – өзге де ұйымдар бойынша.
Толығырақ сілтеме бойынша.
Агенттіктің Сыртқы коммуникациялар басқармасы: +7( 727) 2371090, email: press@finreg.kz