Мәжілістің Кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын қабылдауы туралы

Мәжілістің Кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі заң жобасын қабылдауы туралы

2024 жылғы 20 наурызда Парламент Мәжілісі «Кейбір заңнамалық актілерге кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту және қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеу және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын (бұдан әрі – заң жобасы) екінші оқылымда қабылдады.

Заң жобасы Мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын, «Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылығын арттыру туралы» Парламенттік тыңдаулардың қорытындылары бойынша ұсынымдарды және Мемлекет басшысының өзге де тапсырмаларын іске асыру үшін әзірленді.

Заң жобасы бойынша жұмыс топтарының отырыстары шеңберінде Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Парламент Мәжілісінің депутаттарымен бірлесіп бірқатар қосымша заңнамалық түзетулерді қарады. Нәтижесінде, заң жобасында мынадай негізгі ережелер көзделеді.

1. Проблемалық қарыздары бар азаматтардың борыш жүктемесін азайту үшінбанктер мен МҚҰ-ныңазаматтардың төлем мерзімі 90 күннен астам өткен кредиттер бойынша оларғакредиттер беруіне тыйым салынады.

Бұдан басқа, банктер мен МҚҰ үшін барлық қолданыстағы (өтелмеген) тұтынушылық кредиттер бойыншатөлем мерзімі90 күн өткеннен кейін сыйақы есептеугетыйым салынады.

Азаматтардың проблемалық кредиттерді реттеуге арналған  құқықтарын іске асыру үшін жеке тұлғалардың кредиттерін мерзімі өткен берешек туындаған сәттен бастап жиырма төрт ай өткенге дейін және айыппұлдардың, өсімпұлдар мен комиссиялардың күшін толық жоюды қоса алғанда, қарыз алушы қарыз бойынша берешекті өтей алатын тараптар үшін өзара қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін берешекті реттеу рәсімдерін жүргізу кезінде коллекторлық агенттіктерге сатуға шектеу енгізіледі.

Сонымен қатар, банктер мен МҚҰ азаматтардың берешегін реттеу бойынша сапалы жұмыс жүргізуі үшін қарыздарды коллекторларға беругеекі жылдық мораторий(2026 жылғы 1 мамырға дейін) енгізіледі.

Қарыздары коллекторларға беріліп қойған қарыз алушыларды қолдау үшінколлекторлардыңжеке тұлғалардың сатып алынған кредиттері бойынша берешекті реттеу рәсімдерін жүргізуміндетіненгізу ұсынылады.

Азаматтардың жаңадан басқаға берілген кредиттері бойынша мораторий аяқталғаннан кейін коллекторлар азаматтардың борыш жүктемесін азайту үшін есептелген және төленбеген сыйақыны есептен шығаруға міндетті болады.

Борыш жүктемесінің шамадан тыс өсуін шектеудің қосымша шарасы ретіндетұтынушылық кредит ұғымынзаңнамалық тұрғыдан енгізу ұсынылады. Бұл ретте банктер мен МҚҰ-ның халыққа уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде белгіленген ең жоғары мөлшерден артық сомаға (банктер үшін – 5 млн теңге, МҚҰ үшін –  3 млн теңге) тұтынушылық кредиттер беруіне тыйым салынады.

Азаматтар мен олардың отбасыларын шамадан тыс кредит алу тәуекелдерінен қорғау үшін ағымдағы жылғы қыркүйектен бастап банктер мен МҚҰ-ға жеке тұлғаларға жұбайының (зайыбының) келісімінсіз кредит беруге тыйым салуды енгізу мақұлданды. Бұл шара микроқарыздарға қолданылмайды, бұл ретте кредиттің ең төменгі мөлшері және келісім алу тәртібі Агенттіктің нормативтік актісімен айқындалатын болады.

Барлық кредиттер бойынша жиынтық берешекті шектеу үшін жаңамакропруденциялық норматив,яғни кредиттер бойынша жиынтық берешектің қарыз алушының кірісіне қатынасы енгізіледі. Нормативтің мәні және оны есептеу тәртібі Агенттіктің актісімен айқындалатын болады.

Бұдан басқа, банктер мен МҚҰ-ның барлық кредиттері үшін мөлшері Ұлттық Банк пен Агенттіктің актілерінде айқындалатын ЖТСМ-нің шекті мәнін сақтау жөніндегі талаптарды белгілеу жолымен банктердің және МҚҰ-ның кредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін азайту бойынша бірыңғай тәсіл енгізіледі.

Азаматтардың шамадан тыс кредит алуы онлайн-микрокредит беру  секторында байқалатынын ескере отырып, 50 АЕК -ке дейінгі сомаға, 45 күнге дейінгі мерзімге берілетінмикрокредиттің ерекше түрінің күшін жою, сондай-ақ барлық микрокредиттер бойынша жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін белгілеу ұсынылады.

2. Кредиттер бойынша мерзімі өткен берешекті сотқа дейінгі реттеу шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін қарыз алушыны төлем мерзімінің өтіп кетуі туралы хабардар ету мерзімі күнтізбелік20күннен10күнге дейін, оның ішінде ақпараттандыру объектілері (банктер мен МҚҰ-ның мобильдік қосымшалары) арқылы қысқартылады. Сондай-ақ банк омбудсманыныңазаматтардың барлық кредиттері бойыншадауларды қарау жөніндегі өкілеттіктерін кеңейту жәнемикроқаржыомбудсманын құру көзделген. Омбудсмандардың шешімдері банктер, МҚҰ және коллекторлық ұйымдар үшін міндетті болады.

Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды қолдау үшін банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша сыйақы есептемей төлем мерзімін автоматты түрде кейінге қалдыру көзделеді.

3. Атқарушылық іс жүргізу шеңберінде азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту үшін кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларды және мүгедектігі бар адамдарды жылыту маусымындажалғыз баспанасынаншығаруға тыйым салу, сондай-ақ қарыз алушыныңбанктік шотында сақталатын ақша сомасынең төменгі күнкөріс деңгейінің 1-ден 2 еселенген мөлшеріне дейін (87 мың теңге) ұлғайту енгізіледі. Бұдан басқа, банктерге ХӘОТ-қа жататын бұрынғы меншік иелеріне балансқа өткен тұрғын үйді жалға беру құқығы беріледі.

4. Азаматтардың құқықтарын кредиторлардың жосықсыз әрекеттерінен қорғау үшін берешекті өндіріп алу кезінде банктер, МҚҰ, коллекторлық агенттіктер мен қарыз алушылар арасындағы дауларды төрелік соттарда қарауға тыйым салу, сондай-ақ МҚҰ мен коллекторлық агенттіктердің нотариустармен және жеке сот орындаушыларымен үлестес болуына тыйым салу енгізіледі.

5. Азаматтардың банкроттық рәсіміне қол жеткізуін жеңілдету үшін заң жобасында борышкердің мерзімі өткен берешекті реттеуді, сондай-ақ реттеу және өндіріп алу рәсімін өткізумерзімін 18айдан12айға дейінқысқартудырастайтын құжатты беруі жөніндегіталап алып тасталады. Сондай-ақ, азаматтардың олардың алдындағы міндеттемелері соттан тыс банкроттық рәсімімен қамтылатын кредиторлардың тізбесі (тарату сатысындағы қаржы ұйымдары, сондай-ақ азаматтарға құқықтары (талаптары) бар ұйымдар) кеңейтілді.

6.Кредиттер бойынша алаяқтықты азайту мақсатындаклиентті биометриялық сәйкестендіру жүргізбей электрондық банктік қарыздар мен онлайн микрокредиттер беруге тыйым салу енгізіледі.

Сондай-ақ, бір уақытта алаяқтық кредиттердің ресімделуіне жол бермеу үшін банктер мен МҚҰ-ның осындай өтінімдер бойынша мәліметтерді нақты уақыт режимінде кредиттік бюроға ұсыну міндеті енгізіледі.

Заң жобасында тергеу іс-шараларын жүргізу кезеңінде сыйақы есептеуді және наразылық-талап қою жұмысын тоқтата тұру түрінде алаяқтық кредиттер бойынша туындаған берешекті  реттеу міндеті көзделеді. Бұл ретте қарызды алаяқтық тәсілмен ресімдеу фактісі белгіленген заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайда клиентке қойылатын талаптар тоқтатылады.

Ағымдағы жылғы ақпан айынан бастап азаматтардың кредит алуданерікті түрде бас тартудыбелгілеуқұқығы заңнамалық деңгейде енгізілді. Бұл ретте заң жобасында азаматтардың кредит алудан ерікті түрде бас тартуы болған жағдайда кредиторлардың ресімделген кредиттер бойыншаборышты есептен шығаруміндеті көзделген.

7. Банктердегі стрестік активтердің деңгейін төмендету және бизнеске кредит берудің өсуін қамтамасыз ету үшінзаң жобасында қаржы ұйымдарының мамандандырылған цифрлық платформалар арқылы стрестік активтерді сатуміндеті енгізіледі.

8. Синдикатталған кредит берутетігін дамыту үшін заң жобасында бейрезидент-банктердіқосу есебінен синдикатқа қатысушылардың құрамын кеңейту көзделеді. Синдикатталған қарызды ресімдеу процесін үйлестіру үшін «синдикатталған қарыз ұйымдастырушысы»ұғымы енгізіледі және оның негізгі функциялары айқындалады. Сондай-ақ бірнеше қоса кепіл ұстаушы болған жағдайда кепіл мүлкін меншікке айналдыру рәсімдері, сондай-ақ кепіл мүлкін сатудан түскен пайданы бөлу тәртібі көзделген.

Заң жобасын қабылдау азаматтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуде және халықтың шамадан тыс кредит алу тәуекелдеріне жол бермеуде маңызды рөл атқаратын болады. 

 

 

Сыртқы коммуникациялар басқармасы

+7 (727) 237 1089,press@finreg.kz