Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

2024 жылғы 20 наурызда «Ашық НҚА» порталында «Электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 28 қарашадағы № 217 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулы жобасы (бұдан әрі – Қаулы жобасы) орналастырылды.
Қаулы жобасының мақсаты алаяқтық жолмен қарыз ресімдеу мүмкіндігін болдырмау үшін клиенттің биометриялық деректерін тексеру арқылы электрондық тәсілмен микрокредиттер беру қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды күшейту болып табылады.
Қаулы жобасы сондай-ақ, биометриялық сәйкестендіруді жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талапты айқындайды, аталған талап биометриялық сәйкестендіру барысында клиенттің статикалық бейнені немесе клиенттің қайталанбайтын бақылау қозғалыстарының тізбегін орындауын тексеру арқылы клиенттің биометриялық деректерін қолдан жасау үшін бейнежазбаны пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етеді.
Қаулы жобасының толық мәтінімен сілтеме бойынша Агенттіктің интернет-порталында және Ашық НҚА порталында танысуға болады (https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14990828).