Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

«Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы»  Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының  2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

2024 жылғы 20 наурызда «Ашық НҚА» порталында «Банктік қызметтерді көрсету және банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың банктік қызметтерді көрсету үдерісінде туындайтын клиенттердің өтініштерін қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 28 шілдедегі № 136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының қаулы жобасы орналастырылды (бұдан әрі – Қаулы жобасы).

Қаулы жобасының мақсаты алаяқтық жолмен қарыз ресімдеу мүмкіндігін болдырмау үшін клиенттің биометриялық деректерін тексеру арқылы электрондық банктік қарыздар беру қауіпсіздігін арттыру болып табылады.

Қаулы жобасы сондай-ақ, биометриялық сәйкестендіруді жүзеге асыру тәртібіне қойылатын талапты айқындайды, аталған талап  биометриялық сәйкестендіру барысында клиенттің статикалық бейнені  немесе клиенттің қайталанбайтын бақылау қозғалыстарының тізбегін орындауын тексеру арқылы клиенттің биометриялық деректерін қолдан жасау үшін бейнежазбаны пайдаланудан қорғауды қамтамасыз етеді.  

Қаулы жобасының толық мәтінімен https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14990492) Агенттіктің интернет-порталында және Ашық НҚА порталында танысуға болады.